Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Үкімет Астанаға газ тартатын қаржы таппай отыр

Энергетика министрілгінің есебінше, Астанаға газ тарту үшін 200 миллиард теңге керек. Бұл тек құбырға жұмсалатын ақша. Ал Астана мен қала маңындағы елді-мекен, аудандарға толық көгілдір отын кіргізу үшін тағы қыруар қаржы қажет. Әзірге шенеуніктер Бейнеу-Бозой-Шымкент газқұбыры арқылы Қызылорда облысынан бас шаһарға газ жеткізуді жоспарлап отыр.  Жобаны «Мемлекеттік сараптама» да мақұлдапты. Енді Үкімет шешім қабылдауы тиіс. Ал өзге аймақтарда газ болғанымен, тариф әртүрлі. Кейбір  өңірде тұрғындар  арзан, енді бір жерлерде қымбат төлейді. Энергетика министрлігінің баға саясатына қатысты өз айтары бар.

“Газдың 60 пайызын шетел валютасымен сатып аламыз. Сондықтан газ бағасы құбылмалы. Оның үстіне “ҚазТрансГаз Аймақ” тұрғындарға жұмсаған шығынын өтей алмай отыр. Тариф газдың көтерме бағасына да байланысты”, – дейді ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз