Алматыда қалалық ІІД-нің аудандық ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы полиция полковнигі Бақыт Қасабеков пен қылмыстық қауымдастықтардың көшбасшылары ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігі.
Комитеттің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, 2017 жылғы 29-мамырдан 30-мамырға қараған түні Алматы қаласында кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты бопсалаумен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ҚХР-дан контрабанда арналарын ұйымдастырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық (бұдан әрі – ҰҚҚ) әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция бастады.
“Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық қоғамдастықтың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды, олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынды”, — делінген хабарламада.