Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-7
USD
523
-0.42
EUR
548
-0.97
RUB
5.06
+0.01

ҰҚК Академиясының курсанты 14 жастағы қызбен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді

221

Сөйтсе, олар көрші болып шығыпты. Анасы жігіттің көлікпен келіп, қызды салонға кіргізіп алғанын айтады. Олар сөйлескеннен кейін тарап кеткен. Ал екі аптадан кейін, анасының айтуынша, жастар тағы да кездесіпті.

Әйелдің айтуынша, осы екінші кездесуде жігіт қызға көлікпен серуендеуді ұсынып, адамдар аз жүретін жерге барған. Ол жақта қыздың ұялы телефонын тартып алып, зорлаған-мыс.

Кейін, оқушы қыздың анасының айтуынша, жігіт қызға қайтадан келген.

“Ол видеотіркеу құрылғысына түсіп қалған жазбаны әлеуметтік желіге саламын деп қорқытып, бопсалады”, – деп мәлімдеді әйел.

Анасының айтуынша, қызының біреумен кездесіп жүргенін ол бірнеше ай өткеннен кейін кездейсоқ біліп қалған: қыз сабақтан қашып кетіп, мұғалімдері дабыл қаққан.

“Күйеуім мектепке дереу келіп, мән-жайды біле бастады. Жоқ. Барлығы орнында. Сонда мұғалім барлық қызды жинап алып, не білетіндерін сұраған. Сол кезде қыздар Рустам деген біреудің барын, оны қыздың жігітім деп айтатынын хабарлаған. Күйеуім барлық қызға бақылау жасап, қызы жайлы бар мәліметті беруін сұраған”, – дейді қыздың анасы.

Шешесі жігіттің қыз кәмелет жасқа толмағанын білген дейді. Ата-анасы полицияға арызды 2017 жылдың 31 қаңтарында түсірген.

Ал өз кезегінде Алматы облыстық полициясының өкілдері осы дерекпен соталды тергеулердің бірыңғай реестріне 122-баптың 1-ші бөлігі (“Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау”) бойынша тіркелгенін хабарлады. Алайда қыздың ата-анасы тәртіп сақшыларының соталды тергеуді басқа баппен тіркеуі керек болғанын айтады.

“Себебі бұл келісіммен жыныстық қатынасқа түсу дегенді білдіреді. Бұл есептелмей ме сонда? Барлығы құжатта жазылған. Еркінен тыс зорлаған, бастапқыда телефонын тартып алған, қызым жылаған, көліктен шыққысы келген, ал ол күштеп шешіндірген. Ұрған жоқ, әрине, бірақ ол шошып қалған”, – дейді қыздың шешесі.

Ал полициядағылар қазіргі уақытта істің Іле аудандық прокуратурасына жолданғанын айтты.

“Күдіктіге қатысты ҚР ҚПК-нің 156-бабына сәйкес “Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға және сотқа келу туралы мiндеттеме” бұлтартпау шарасы таңдалды”, – деді Алматы облыстық ІІД өкілдері.

Ал ҚР ҰҚК Академиясындағылар курсанттың “шарт талаптарын орындамауына байланысты” 2017 жылдың 30 қаңтарында оқудан шығарылғанын хабарлады. Оқу кезінде жігіт жағымды жақтарымен көзге түскен дейді академиядағылар. Оқу орнына күдікті 2016 жылдың шілдесінде түскен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз