Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ұйықтап жатқан 11 жастағы қыздың көрпесіне қол салған” – Қостанайдың сұмдығы

221

Ол бастапқыда жергілікті кәсіпорындардың бірінде дәнекерлеуші болып жұмыс істеген. Кейінірек Техникалық қызмет көрсету орталығына автоэлектрик болып жұмысқа тұрған. Сол жұмыс орнында өзінің бұрынғы танысын кездестірген. Кейіннен олардың қарым-қатынасы жақындай түскен. “2018 жылдың 20 мамырында шамамен сағат 01.00-де күдікті таныс қызының туған күнін атап өту үшін оның үйіне барған. Екеуі түні бойы ішімдік ішкен. Ал келесі күні танысы бірнеше күнге Қостанайға кетіп, таныс қызын 2007 жылғы қызы мен үйіне қарай тұруды сұраған.
https://kaz.365info.kz/14-zhasymda-meni-agam-zorlady-tagy-bir-ajel-shyndygyn-ajtty-video-315120
Алайда ол таныс қызы келмей тұрып, Қостанайға кетіп қалған. 21 мамырда шамамен сағат 00.00-де күдікті мас күйінде ұйқыдан оянып, өзінің жыныстық құмарлығын қанағаттандыру мақсатында құрбысы үйде деп ойлап, ұйқылы ояу күйде 11 жастағы қыздың бөлмесіне қарай барған.

Ол кезде қыз бөлмесінде ұйықтап жатқан. Осыдан кейін күдікті кереуеттің шетіне отырып, қолын қыз жамылып жатқан көрпеге тыққан. Сол сәтте қыз оянып кетіп, айғайлай бастаған”, – делінген Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз релизінде. Кейін ер адам қызды ұстап алып, аузын жапқан.

Салдарынан қыз тұншығып қайтыс болған. “Содан ер адам қыздың денесін Восток ауылынан бір шақырым жердегі қырға тастап кеткен. Мұнымен қоса, қыздың аяқкиімін басқа жаққа лақтырып кеткен”, – деп түсіндірді соттағылар. Осыдан кейін ер адам үйге кіріп, есікті жауып жатса, тергеу өкілдеріне ешқайда да шықпағанын, өзінің кешкі уақытта жатып қалғанын айтатынына сенімді болған. Ол қыздың өзі бір жаққа кетіп қалған болуы мүмкін деп айтқысы келген. Соттағылардың мәліметінше, күдікті бірнеше қылмыстық әрекеті үшін жауап береді.

kaz.tengrinews.kz
https://kaz.365info.kz/bastygym-zorlap-tastady-astanalykh-ajeldin-maskhara-malimdemesi-267838

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз