Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Үйленем саған!”. Атбасарда ақыл есі ауытқыған екеу жас қыздарды “аулап” жүр

Бірақ, психдиспансерде есепте тұрған ағайындыларды оқшаулауға ешкім асығар емес. Терезе әйнегі таңғы 5те тарс етіп сынғанда мына жерде 2 кішкентай қыз бала ұйықтап жатқан. Олар шошып ояныпты. Ұйқылы ояу айғайлап ата-аналарына жүгірген.Таңнан бері шошынып қалған қыздарды жұбата алмаған ересектер оларды әжесінің үйіне жіберген. Ала таңнан айқай шығарып, Сыздықовтардың терезесін сындырып жүрген құдайы көршілері.

3 бірдей терезені темір кереуеттің аяғымен  тас талқан еткен  соқталдай екі жігіт түк болмағандай ауладан шығып жүре берген. Бұл олардан көршілерінің көріп тұрған бірінші құқайы емес.  Евгений мен Александрдың ақыл есі кем. Сондықтан кей уақытта олардың денсаулығына байланысты түсінікпен қарап келген. Алайда, олар өз ісіне есеп беретінге ұқсайды. Өйткені, бізге бәрібір ешкім ештеңе істей алмайды. Бізде сары карточка бар деп күледі екен. Бәрінен бұрын қызыңа «үйленем» дегені не сасқаны дейді көршілері.

“Үлкен ұлым жасынан ауру. Екіншісін біреулер басынан ұрып,жынды қылды.

Қазір екеуі  де диспансерде есепте тұр.Мен не істей аламын оларға? Қой дегенді  тыңдамайды.Үйде жаман қылық көрсетпейді”, деді шарасыздана науқастардың анасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз