Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Үйіме шақырусыз кіріп келеді”. Әли Оқапов анасына ренжулі

Өз кезегінде Әли өз қалауымен бөлек шықпағанын түсіндірді.

“Бөлек шығу менің шешімім болған жоқ. Біз бір үйде тұрғанбыз, бірақ анам осылай шешім қабылдады. Мен басқа пәтер алып, бәріміз бірге көшеміз деп ойладым. Бірақ анам бөлек тұрасың деді. Жарайды дедім. Өйткені біз бәрібір бір үйде тұрсақ та, бір-бірімізді көрмейтінбіз. Мен келгенде, олар ұйықтап қалады, мен тұрғанша, олар кетіп қалады. Алматының өзіне қарағанда, басқа қалаларда бір-бірімізді жиі көреміз.

Содан кейін, өзі бірден айтты, жақын жерден қарайық, деп.

“Кейін үйленіп жатсаң, немерелерімді менің үйіме кіргізіп жіберсең де ыңғайлы” дегендей… Жоспар бойынша, анам, тіпті, қатар тұрған пәтер алғысы келген. Бірақ мен:

«Одан не пайда, қатар тұрғаннан бірге тұра бермедік пе?» – дедім.

Ортада бір есік болғаннан ештеңе өзгермейді.

https://kaz.365info.kz/ojlanyp-sojlesin-asha-mataj-men-ninety-one-dauy-ali-basylgan-zhokh-283408

Менің де өз өмірім бар.

Кім біледі, ертең біз де шулайтын шығармыз, ұрысатын шығармыз, достарыммен немесе болашақ жарыммен.

Оның бәріне анамның мазасын алып қажеті жоқ деп ойладым. Қарсы болмасаң, көршілес подъезден алсақ, бірақ бір үйде тұра берсек жақсы болатын сияқты дедім. Анам көнді“, – дейді Оқапов.

Бөлек шықса да, анасының көмегіне жүгінбесе болмайтындығын айтты бойдақ жігіт. Себебі, тамақ әзірлейтін, киім үтіктейтін әйел әлі жоқ.

“Менің ойымша, қатты айырмашылық жоқ сияқты. Мен, мысалы, тамақ әзірлей алмаймын. Қарным ашып кетеді, қалаға барып тамақтануға уақыт жоқ. Анама звондасам, қалай істейтінін білмеймін, 2-3 минуттың ішінде ыстық тамақ та, шай да дайын тұрады. Бірдеңе үтіктеу керек болса, сондай үйдің тіршілігімен қолдап жүреді“, – деп бөлісті Әли.

Жалғыз тұрудың қызығына енсе керек, Әли енді ескертусіз пәтеріне кіріп келген анасына ренжіп жүр.

https://kaz.365info.kz/erkeni-sotkha-men-gana-bere-alamyn-khajda-aninin-avtory-agynan-zharyldy-283381

“Кей-кездері өзі кіріп шығады, алдын ала звондамайды, менен ештеңе сұрамайды. Содан кейін, бір күні түсіндіріп бердім.

Бөлек тұрғаннан кейін, мүмкін, мен дайын емеспін, мүмкін, үйім лас немесе үйде жоқпын. Сондықтан ескертіп тұрсаң, дұрысырақ, – дедім.

Ол мені түсінді.

“Жарайды, үлкен болдың, өзің шеш, бірақ үйіңді таза ұстауға тырыс” деді”, – деп түсіндірді Әли.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз