Қарапайым заттарды мүлдем басқаша пайдалануға болады! Кейбіреуін үйреніп алыңыз.
1. Гаражыңызға теннистің добын көлік терезесінің деңгейінде іліп қоюға болады екен. Терезеңіз допқа тиді ме: болды, тоқтаңыз!
2. Мынадай күнтізбе жасап қойсаңыз, жақын адамдарыңыздың туған күнін ұмытып кетпейсіз.
3. Босаған бөтелкенің мойнын пайдаланып, тағамды ішіне ауа кірмейтіндей етіп сақтап қоюға болады.
4. Киім ілгіш ас үйде де пайдалы бола алады.
5. Үйде ұсақ-түйек сырлаумен айналыссаңыз, үлкен пластик бөтелкені осылай пайдаға жаратуға болады.
6. Қайшының жүзі өтпей қалса, онымен фольга кесіңіз. Екі-үш рет кескеннен кейін қайшыңыздың жүзі жаңарып шыға келеді.
7. Қазақтардың кір шегені аузына қыстырып алатыны бар. Одан ша осы әдіс дұрыс емес пе?
8. Кітапқа арналған тіреуішті планшет көру үшін пайдалануға болады.
9. Лимон тұрғанда тазалайтын химияның керегі жоқ екен.
10. Шеге қаққанда балғамен саусағыңызды ұрып алғыңыз келмесе, кәдімгі шашқа арналған тарақты пайдаланыңыз.
11. Душтағы карнизге мынадай ілмек жасап қойсаңыз, оған қажетті ұсақ-түйек заттарыңызды іле салуға болады.
12. Қауіпсіздік белбеуінің ілгішін кілт ілгіш ретінде пайдалансаңыз, кілтіңіз жоғалмайды.
13. Мынадай магнитіңіз болса – құрал-саймандарыңыз әрдайым дайын тұрады.
14. Кетчуптен босаған құтымен құймақ пісіріп көріңізші!
Дереккөз: boltai.com