Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Үй жоқ”. Астанада өрттен балаларды құтқарған құрлысшылар марапатталды

Компаниямыздың атынан BI Development басқарма төрағасы Амангелді Омаров өз бастарын қатерге тігіп, балаларды аман алып қалған компания қызметкерлері – Руслан Жалбақов, Жасұлан Байсейітов, Ақылбек Жақайымов, Руслан Беріковті және Әділбек Дағыстанды марапаттап, ақшалай сыйақы берді.

Біздің құрылысшылар өте епті қимылдап, құтқару жұмысын ойдағыдай жүргізді. Бұл сәтте Otau Development Group қызметкерлері құрылысшылар құлап кетпесін деп, төменде брезент жаппа ұстап тұрды», – делінген компания хабарламасында.

Құрылыс компаниясының баспасөз хатшысы Айнұр Әшімованың айтуынша, құрылысшыларды астаналық әкімдік те марапаттайды.

Еске сала кетсек, кеше «Nova City» көпқабатты тұрғын үй кешенінің 7 қабатынан өрт шықты. Көршілес ғимаратты тұрғызып жатқан құрылысшылар өрт шыққан пәтерге өрмелеген және балалар мен әйелді терезе арқылы төменгі қабатқа түсірген.

Құтқару сәті түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде кеңінен таралды. «Nova City» көпқабатты тұрғын үй жобасымен Bi Group компаниясы құрамындағы Otau Development Group айналысады.

Айта кетелік,  желідегі талқы кезінде бір блогер балаларды құтқаруда ешқандай сақтық белдігінсіз қимылдаған құрылысшыға үй беруді ұсынған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз