Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Үй береміз, қатырамыз”. Зағипа Балиева 7 жасар баланы блогерлерге бермей қойды

Менің мақсатым – баланың қауіпсіз жағдайда екеніне көз жеткізу.

Қазір ол өзінің жақындарымен бірге, тергеушінің қаулысына сәйкес, олар баламен бұл тақырыпта (зорлық жасау) әңгіме қозғамауға тиіс. Бала қазір тынығып, демалуы тиіс, сондай-ақ қазір баланы оның қасындағы психолог бақылап отыр. Бала өте көңілді. Менің ойымша, оған әлі бір-екі күн демалу қажет сияқты “, – деді жағдайды түсіндірген ол.

https://kaz.365info.kz/zagipa-balieva-shymkenttik-balanyn-okhigasyn-zheke-bakhylauyna-aldy-306536

Сондай-ақ депутат баланың анасын тауып, онымен тілдескенін де хабарлады.

“Мен баланың қауіпсіз жағдайда екеніне көз жеткіздім. Ол қазір менің жанымда, әжесі де, әпкесі де онымен бірге. Біз баланың шешесін біраз уақыт таба алмадық. Дегенмен ол табылды, мен ол кісімен сөйлестім, ол біздің шешіммен келісіп отыр.

Біз Астанада кездесетін болдық, ертең олар менімен бірге Астанаға ұшады. Қазір балаға барынша жайлы жағдай жасау қажет, оған жақсылап тынығу қажет.

Өйткені қосымша сараптама да бала үшін тағы бір күйзеліс.

Мемлекеттік органдардың өкілдері қажетті мамандармен – клиницистермен, психологтармен, психиатрмен және балалар дәрігерлерімен қамтамасыз етуге дайын”, – деп атап өтті Балиева.

Сондай-ақ балалар омбудсмені қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, бала және оның туыстары қамқорлыққа алынатынын және жұмыспен, тұрғын үймен мектеппен қамтамасыз етілетінін хабарлады.

https://kaz.365info.kz/symyrajlar-auyl-akhsakhaly-zorlangan-bala-turaly-symdykh-faktilerdi-ajtty-306449

«Барлық отбасы мүшелері, оның ішінде, баланың шешесі де, жұмысқа орналаса алады.Оларға тұрғын үй беріледі. Бала жаңа мектепке барады, жаңа достар табады.

Біз оның қазіргі қауіпсіздігін ғана емес, болашағын да қамтамасыз етуіміз керек. Өйткені оның өмірі әлі алда.

Біз баланың әжесімен сөйлестік, ол бізбен бірге жолға шығуға дайын», – деді өкілетті уәкіл.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз