Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

ҰБТ-дан құлаған түлектер тегiн оқып, шәкіртақы алатын болды

Вице-министрдiң айтуынша, қазiргi таңда 361 техникалық кәсiптiк бiлiм беру орындары оларды қабылдауға дайын. Бiрiншi қыркүйектен бастап, балалардың барлығы оқуға барады, қазiр олардың тiзiмi даярланып жатыр.

«Оқуын бағдарлама (Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы – агент.) есебiнен төлеймiз, шәкiртақысы төленедi. Сондай-ақ, бiр мезгiлдiк ыстық тамақпен қамтылады», – дедi вице-министр.

Оның айтуынша, бiлiмi жоқ, жұмыссыз жүрген ересек азаматтар 1-6 айлық қысқа мерзiмдi курстарға тартылады. 1-шiлдедегi жағдай бойынша, 21 мың 127 адам қысқа мерзiмдiк курстарға тартылды, бiтiргендердi жұмыспен қамту жағы да қарастырылған.

Дереккөз: baq.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз