Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ұялы телефоны жарылып, жан сақтау бөліміне түскен қыз күйген денесін көрсетті (фото)

Қыздың мәліметінше, электрге қосулы iPhone 5S ұялы телефоны 18 желтоқсан күні түнгі үш кезінде өртеніп кеткен. Ардақ кенеттен ұйқысынан оянып, төсегінің жанып жатқанын көріпті. Көмекке шақырғысы келгенімен қыз тұншығып, үн қата алмаған. Қайта көмекке келген әкесі күйік шалған қызды бөлмеден алып шығып, ауруханаға жеткізген.

Қыз жан сақтау бөлімінде бір тәулік бойы жатқан екен. Ардақтың бүкіл денесі, бет ауызы күйіп қалған. Өрт кезінде қыздың бөлмесі, ноутбук және құндыз тоны жанып кеткен. Бұдан бөлек, Ардаққа пластикалық операция қажет болуы мүмкін. Қыз 2015 жылы iPhone сатып алған дүкенге шағым түсірмекші.

Ардақ фитнес орталықта жұмыс істеп, қайырымдылықпен айналысқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз