Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл халықаралық күніне орай Қазақстанның Тұңғыш Президентіне алғыс хат

111

Аталған қарарға сәйкес, ядролық сынақтардың қорқынышты салдарлары туралы дүниежүзі қауымының назарына қайта еске салу және ол қасіреттердің болашақта қайталанбауына бағытталған іс-шаралары жыл сайын өткізіліп келуде. Сондай-ақ,бұл бастама өз кезегінде бүкіл адамзат үшін аса маңызды тарихи күн және ол халықаралық қоғамдастықпен тұтастай мойындалған, яғни 29 тамыз Семей полигонының ресми жабылу күні болып табылады.

Сонымен бірге, БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер, азаматтық қоғам, ғылыми орта, БАҚ және жеке тұлғалар Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін ақпараттық-тәрбие жұмыстардың барлық қолжетімділігін пайдалана отырып, тиісті жоғары деңгейде атап өтуге шақырылған.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевпен «өз қауіпсіздігіңді басқа мемлекеттердің қауіпсіздігіне нұқсан келтірудің арқасында қамтамасыз ету мүмкін емес екенін», әсіресе жаппай қырып-жою қаруына қатысты айтылған пікір орынды әрі нақты екендігін ерекше атап өткім келеді.

Осы ретте, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев БҰҰ-ның мерейлі 100 жылдығына орайластыра, яғни 2045 жылға дейін ядролық қарусыз әлемге қол жеткізуді ұсынды.

Бұл тұрғыда БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутиериштің қарусыздану «Біріккен Ұлттар ұйымы құрылған негіздердің бірі» деген сөзін келтіргім келеді.

Осы бастаманы ілгерілету шеңберінде Қазақстанға, яғни Нұр-Сұлтан қаласына 2016 ж.29-30 тамыз кезеңінде жасаған сапарымды үлкен ықыласпен әрі жылы лебізбен еске аламын. Сапарымның аясында «Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жылдығына және ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл халықаралық күніне арналған шетелдік журналистердің халықаралық конференциясына үлкен құрметпен қатысуға ие болдым. Қазақстанға жасаған сапарымнан кейін Кувейтке оралғанымда кувейттік беделді басылымдарының бірі «Әл-Нахар»газетінде (2016 ж. 06 қыркүйектегі басылымы) «Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл және «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған үлкен мақала жарияладым.

Қазақстанға жасаған сапарым барысында Қазақстанның қарқынды дамуының жарқын үлгісі ретінде Нұр-Сұлтан қаласының әсемдігіне таң қалдым, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың даналық әрі көрегендік саясатының арқасында Қазақстан өзінің мемлекеттік қалыптасуында, әлеуметтік-экономикалық дамуында және халықаралық аренадағы имиджін нығайтуда елеулі табыстарға қол жеткізгендігіне куә болдым. Бұл ретте, біз бұл тұлғаның тарихи тұлға екенін, Қазақстанның даму жолының негізін қалаушы екенін көріп отырмыз және құрметті Нұрсұлтан Назарбаев мырза алдағы уақытта да Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастығын өзара құрмет пен ортақ мүдделерге негізделе оның одан әрі нығаюына күш-жігерін жұмсайтынына кәміл сенімдіміз.

Осы орайлы мүмкіндікті пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстанның Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа шын жүректен зор денсаулық пен амандық тілеймін. Мемлекеттеріңіз одан әрі Қазақстан халқының игілігі үшін, сондай-ақ уақыт талабына сай қарқынды даму мен гүлденуін тілеймін!

Құрметпен,

Кувейттік «Әл-Нахар»

апталық газетінің редакторы

Самира Фреймиш

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз