Семейдегі жаңа ядролық медицина орталығынан еліміздің қоршаған ортасына қауіп төніп тұр. Өйткені мердігерлердің салақтығынан радиоактивті қалдықтар кәріз жүйесіне құйылып кетуі мүмкін.
Мәселе сұйық радиоактивті қалдықтарды жинау мен сақтаудың жаңа жүйесіне қатысты деп хабарлады КТК телеарнасы.
Естеріңізге салсақ, еліміздегі тұңғыш ядролық медицина орталығының құрылысы Семейде 2012 жылы басталған-ды. Оған 6 миллиард теңге жұмсалды. Содан бері талай уақыт өтсе де, мекеменің іске қосылуы 3-ші рет кейінге қалдырылып отыр.
Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі:
– Құрылғының технологиясы талапқа сай келмейтіні бір қарағаннан-ақ көрініп тұр. Барлық радиоактивті қалдықтар кезең-кезеңімен кетуі керек. Ол қауіпсіз жағдайда болуы тиіс. Ал біз бұдан ондайды көріп тұрған жоқпыз.
Ядролық медицина орталығы құрамында ядроактивті изотоптары бар қалдықтарды арнайы технологиялық жинақтаудан өткізу керек. Және де толық ыдырап кетпейінше, түсінікті тілмен айтқанда радиоактивтілігі жойылғанша сақталуы қажет.
Мәселен 131 йоды Ядролық медицина орталығында радиойодты терапия өткізу мақсатында қолданылады. Бұл кезең 8 күнді құрайды. Сұйық қалдықтарды жинақтау толық жүргізілуі керек. Мұның ішіне терапия жүргізілетін ем-дом бөлімдері, емделушілер қолданатын санитарлық торап, емделушілердің кірі жуылатын бөлме бәрі-бәрі кіреді. Былайша айтқанша, зиянды қалдық сыртқа шығып кетпеуі қажет.
Есек сала кетелік, әлі салынып, қолданысқа берілмеген бұл нысанның басы 2015 жылдан бері даудан басы арылмай келеді. Соттан сот дегендей.
Енді ойлап қараңызшы, Қазақстанның ядролық отын банкін құрамыз деп баршаға жар салғанына біраз болды. Қайдағы халықаралық ядролық банк, өңірлік шағын орталықтың өзіне ие бола алмай жатқанда?..