Русская редакция
Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
2
USD
448
-4.73
EUR
500
-7.77
RUB
5.46
-0.07
Главная
Жаңалықтар
Экономика
Сараптама
Қоғам
Руханият
Саясат
Микс
TV
Цифрлық Қазақстан
Поиск

XXV Жазғы Сурдлимпиадаға Қазақстан атынан 79 спортшы қатысады

20 қазан 2025, 19:05
Саяжан Нуртай
Қазақстанның ұлттық құрамасы XXV Жазғы Сурдлимпиадаға дайындықтың шешуші кезеңінде. Біздің сурдоспортшылар ел абыройын халықаралық аренада абыроймен қорғап келеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан спортшылары сегіз Сурдлимпиадада 42 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын, 8 күміс және 26 қола медаль бар. Бұл жайында ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті Серік Сәпиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

Мәселен, 2022 жылы Бразилияда өткен ойындарда ұлттық құрама 29 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 13-орынға ие болды.

«Сурдлимпиада – бұл күш пен сенімнің тіліне айналған ерекше кеңістік. Әрбір қимыл – ерік-жігердің, әрбір старт – теңдікке жасалған қадамның көрінісі. Қазақстан бұл қозғалыстың ажырамас бөлігі ретінде спорт арқылы адамдарды біріктіріп, жаңа белестерге жетуге ұмтылуда. Бүгінгі Қазақстан – мүмкіндігі тең ел. Сурдлимпиада – біздің қоғамымыздың айнасы, онда еңбек, ерік және адамдық қадір-қасиет бағаланады. Біздің спортшылар ел намысын лайықты қорғап, Токиода жаңа жеңістерге жететініне сенімдімін», – деді спикер.

Ал, ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басқарма басшысы Марат Қасқырбаевтың айтуынша, биылғы додада ел намысын 79 спортшы қорғайды. Олар дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу және тхэквондо сынды спорт түрлерінен бағын сынайды. Осы уақытқа дейін Министрлік сурдоспортшылар үшін 21 оқу-жаттығу ұйымдастырды. Олардың 5-і шетелде, қалғаны Қазақстан аумағында өтті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
Ақтөбеде шыны ыдыс шығаратын зауыт салынады
12
Қазақстанда маймыл шешегіне байланысты бақылау күшейтілді
1
Осакаров ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер әлеуметтік жобаларға 865 млн теңге бағыттайды
1
Еркін Ғаббасов Азия пара ойындарының алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды
12
Қазақстанда құқық қорғау жүйесінің азаматтарға бағытталған жаңа тәсілі қалыптасты – саясаттанушы
1
«Бүгінге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар». Рамазан Амантай мүшкіл жағдайын еске түсіріп, жылап жіберді
15
The World Financial Review: Қазақстан инвесторлар үшін тартымды елге айналып келеді
12
Заман Баджва: Президент Жолдауы Қазақстанның стратегиялық даму бағытын айқындайды
12
Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады
1
Аты аңызға айналған Ан-26 әскери ұшағы соңғы рейсін орындады
12
«Ұстаз айтса»: «Әділет» партиясы елімізде 250 мектепте педагогтермен кездесу өткізді
26
Туризм және спорт: World Aquatics 2026 қатысушыларына Астана қандай әсер қалдырды?
1
Сайтқа жарнама беру
Редакция
Материалдарды пайдалану ережелері
Подписывайтесь на email рассылку еженедельного обзора
Подписывайтесь на оповещения о важных событиях
WhatsApp +7 771 228 04 01
Telegram-да бармыз ғой" @kaz365info
Біз әлеуметтік желілерде:
Мобильді қосымша:
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз