Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“WhatsApp-тан видео көшірмеңдер”. Семейлік жігіт Өзбекстанда қамауға алынды

Отандасымыздың осындай айыппен көрші елде қамауда жатқанына екі аптаға жуық уақыт болды. Ал, оның амандығын біле алмаған жақындары не істерін білмей дал. Тек, Виталийге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы сондағы қорғаушыларынан естіпті.

«Онда ешқандай экстремистік бағыт жоқ. Өзі дінге де сондай берілмейтін. Тіпті, 37 жасына дейін қылмыстық тұрмақ, әкімшілік жауапкершілікке де тартылмаған болатын», – дейді Виталий Ненченконың қарындасы Юлия Медведева

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі, бұл істі Өзбекстандағы елшілік бақылауға алғанын жеткізді. Алайда, Виталийдің жағдайы әзірге белгісіз көрінеді.

Естеріңізге салсақ, 5 жыл бұрын тағы бір отандасымыз өзбек түрмесіне қамалған болатын. Оның да қолындағы нетбугынан күдікті видео табылып, экстремистік уағыз жүргізді деген айыппен ақыры 5 жылға сотталды.

Виталий Ненченконың жақындары да енді осылай 10 жылға дейін сотталып кетеді деп үрейленіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз