Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Вирус жұқтырғандардың саны артатын болса, карантин талаптарын күшейтуге тура келеді — Біртанов

660
Елжан Біртанов. Сурет: primeminister.kz

Сонымен қатар ол қызметкерлерді мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруді сұрап, жұмыс берушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды «Қазақпарат».

— Пандемия жалғасуда. Ғалымдардың пікірінше, ол толқын тәрізді сипатқа ие. Карантиндік шаралардың ықпалынан вирус жұқтырғандардың азайғанын байқауға болады, алайда басқа елдерде індет жұқтырғандардың саны күннен күнге артуда. Сондықтан қалыпты әлеуметтік өмір, біздің экономикамыздың қызметі мен санитарлық қауіпсіздік шаралары арасындғыа тепе-теңдікті табу маңызды. Біз қажетті карантиндік шараларды сақтауға шақырамыз, талап етеміз — деді министр.

Біртанов қорғаныс шаралары ретінде әлеуметтік арақашықтық, жұмыста және қоғамдық орындарда 1-2 метр алшақтықты сақтау, бетперде кию және дезинфекцияны  атап өтті.

— Талдау нәтижелері вирус көбінесе жұмыс орындарында немесе отбасылық араласу кезінде жұғатынын көрсетті. Сондықтан кеңсе кәсіпорындарында жұмысшылардың ең аз дегенде 50%-ын қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру маңызды. Бұлай жасау мүмкін емес кәсіпорындарда —  өндірісте, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында —  жеке гигиенаны сақтау керек. Дезинфекция, бетперде киіп жүру, жеке гигиена эпидемияның таралуының алдын алатын маңызды механизм, — деп атап өтті министр.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысының айтуынша, барлық атқарушы органдарға және кәсіпорын басшыларына қауіпсіз жұмыс режимін қамтамасыз ету тапсырылды.

— Біз тағы да карантин шараларын күшейтіп, экономикамыздың дамуын шектеу қойғымыз келмейді. Қажетті шараларды сақтасақ, ары қарай жұмыс істей аламыз. Егер шараларды елемейтін болсақ, вирус жұқтырғандардың саны артады, тиісінше шараларды күшейтіп, қосымша санкциялар енгізуге мәжбүр боламыз. Бұндай шаралардың қолданылмауын тілейік, — деп түйіндеді Біртанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз