Ғаламтордан небір сорақылықтар шығып жатыр.
Соңғы жылдары «Виртуалды жыныстық қатынас» деп аталатын әлеуметтік желілерді пайдаланушылар қатары көбейіп келеді екен.
Шынайы махаббаттың орнына виртуалды махаббатты жоғары қоятындарға не жетпейді?
Мамандардың пікірінше, виртуалды махаббат адамзат алдынан рахатқа бөленудің өзге әлемін ашады, қарым-қатынастағы бөгеттерді болдырмайды, барлық жасқанушылықты жояды. Яғни,
бұл “әлемге“ кіргендер ұятты жиып қойып, кез-келген тақырыпта сырласып, жыныстық қатынастың қыр-сырын танып-біліп, бір-біріне дене мүшелерін көріп-көрсетіп, өздерін-өзі аймалап, уқалап, керемет ләззат алатын көрінеді.
«Скайп арқылы жыныстық қатынас – сексуалды өмірде керек болатын ең бағалы және қажетті тәжірибе», дейді оны пайдаланушылар.
Балаларымыз енді компьютер алдына отырып алып тәжірибе жинақтасын! Жезөкшеліктен бастап, гомосексуализм мен лесби тәрізді сорақылықтар өз алдына, енді мынадай анайы әлеуметтік желіні пайдаланып жүрген қазақтар да аз емес екен. Енді, “модадан” қалсын ба?! «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» дейді, атам қазақ. Өкінішке қарай, бұл да бізге “жұғысты болыпты“.
Әйтеуір бір күні Жаратқан Иеміздің қаһарына ұшырап қалмайық деп тілейік. Төбемізден тас жауып жүрмесін ағайын!
https://kaz.365info.kz/internette-zhala-ash-suretimen-arbajtyn-alaya-yzdar-k-bejgen-214310
Аяжан Төрехан