Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Венецияда көрмеден миллиондаған еуро тұратын асыл тастар ұрланды

Ұрылар ізін жасырып үлгірген. Дегенмен оларды полицейлер іздестіріп жатыр.

Ұрланған заттар өте бағалы саналады.

Дабыл қаққыш бірден іске қосылмаған. Оның үстіне ұрылар туристердің қатарына қосылып кете барған.

Күзетшілер бүкіл кіреберіс есіктерді жауып келушілерді қарағанымен, ұрыларды таба алмады.

Қолды болған әшекей бұйымдардың бағасы декларацияда 30 мың еуро деп көрсетілген. Ал нарықта оның бірнеше миллионға сатылуы мүмкін.

Ғажайып асыл тастар топтамасының бір бөлігі Могул империясының патшалары мен үнді махараджаларына тиесілі. Олардың кейбіреуінің 400 жылдан астам тарихы бар.

Коллекция Катар әулетінің билеушісіне тиесілі. Әзірге олар болған оқиғаға қатысты ешқандай ақпарат берген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз