Белгісіз біреулер таратқан хабарламада Таразда белгісіз бір қылмыскердің балалардың өлтіріп, жеп жүргені жазылған. Ал видео кадрларында полицейлер қоқыс шелегінен баланың басын алып шығады.
Ендігі полиция сол видеоны желіде таратып, тараздықтарды шошытып жүрген адамды іздестіруде.
«Жалған ақпаратты таратқан тұлға анықталған жағдайда оған ҚР ҚК-нің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша үш жылға дейін немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады», – дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Дерек көз: КТК телеарнасы