АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон президент Дональд Трамппен қарым-қатынасының нашарлығы туралы баспасөзде тараған мәліметтерді жуып-шаюға тырысты. CNN телеарнасына берген сұхбатында Тиллерсон президенттің Солтүстік Кореямен дипломатиялық байланысты үзбеуін тапсырғанын айтты. Дипломатия алғашқы бомбаға дейін жалғаса береді, деді Тиллерсон.
Бұған дейін АҚШ президенті өзінің твиттерінде мемлекеттік хатшы Тиллерсон “кішкентай зымыран адам” – Ким Чен Ынмен келіссөз жүргізу арқылы уақытын босқа жұмсайды деп жазған.
Соңғы бірнеше айда АҚШ-тың Пхеньянмен қарым-қатынасы күрт суып кетті. Президент Трамп Солтүстік Корея баллистикалық зымырандарын сынауын және ядролық қару жасау жұмыстарын доғармаса, арты жаман болатынын ескерткен.