Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Вандалдар «Дос-Мұқасан» ансамбліне орнатылған ескерткішті қирата бастапты

188

«Дос-Мұқасан» белгілі вокалды-аспапты ансамбліне мүсіндік композиция бір апта бұрын қала күніне орай жаңа ретро-саябақта ашылған болатын. Бірақ бірнеше күннен кейін-ақ вандалдар барабан таяқшаларын сындырып, өзге музыкалық аспаптарға зақым келтірген.

Саябақ қызметкерлері композицияны барынша қорғауға тырысуда, олар ескерткіштің айналасына темір турникеттер орнатып, ленталар тартып қойған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жаңа ретро-саябақта ескерткіштің ашылуына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, «Дос-Мұқасан» ансаблінің мүшелері мен қоғам қайраткерлері қатысқан болатын.

 

Қолдарына аспаптар ұстаған алты музыканттың қоладан жасалған мүсіндік композициясының авторы Бақытбек Мұхамеджанов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз