Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-13
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Вакцина егу мәселесін шамадан тыс саясаттандыру оның кідіруіне әкелді – Түменова

Бақыт Түменова, фото businessfm.kz сайтынан алынды

23 наурызда Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен кезде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға “Спутник V” вакцинасын тағы да қосымша жеткізуді қамтамасыз етуді сұрады. Осыдан бір апта бұрын еліміздің бірқатар аймақтарында ерікті түрде вакцина егу тоқтатылды. Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мұны вакцинаның жетіспеушілігімен түсіндірді.

2020 жылдың желтоқсанында жаппай вакцинациялау туралы сөз қозғалған кезде Қазақстанға 6 млн мөлшерінде вакцина қажет екендігі айтылды. Іс жүзінде вакцина салынғандардың саны 100 мыңнан аз, ал вакцина жоқ. Бұл Қарағандыдағы зауытта өндірісті біртіндеп арттыра отырып, сәуір айына қарай “Спутник V” вакцинасын 2 млн доза мөлшерінде өндіруге уәде бергенін ескерсек.

“Аман-Саулық” қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова пандемия басталғалы бері жаппай вакцинациялау туралы тым көп саяси мәлімдеме жасалғанын бірнеше рет атап өтті. Алайда, олардың барлығы іс жүзінде жүзеге асырылмаған.

Уәде басқа, істелген іс басқа

– Бақыт Ниязбекқызы, індеттің кезекті толқыны басталды, Қазақстан жаппай вакцинациялауда қиындыққа тап болды. Бірнеше ай бұрын Қарағанды мен Жамбыл облысындағы зауыттарда вакциналардың өзімізде өндірілетіні мәлімделген болатын. Қаңтар айының соңында халыққа 2 миллион мөлшерінде вакцина болады деген уәде берілген. Іс жүзінде вакцина алған адам 100 мыңнан да аз, ал вакцина таусылған. Мұның бәрі нені білдіреді?

– Әдеттегідей, сөз бен іс арасында үлкен айырмашылықтар бар. Сондықтан, түрлі елдер вакцинаның әзірленуі мен өндірісінің басталуы туралы мәлімдеген кезде бұл мәселе төңірегінде көп саясат болды.

Мұның барлығы кеңестік кезеңде өткен тәжірибені еске түсіреді – екі жыл ішінде бесжылдықтың жоспарын орындау, Американы қуып жету және т.б.

Бәлкім, осы “кім бірінші, сол үздік” деген саяси жарыс аясында Қазақстан да алдына тым үлкен мақсат қойған сияқты. Мүмкін, бізге айтылмайтын басқа да жақтары бар шығар.

1 қазаннан бастап “Аман-саулық” қоры қызу телефон желісін іске қосты, өйткені қазіргі жағдай төңірегінде халықта сұрақ көп. Яғни, көбінесе “вакцина неге жоқ?” деп сұрайды. Қазақстанда ақпараттық өріс бір басқа, адамдар мәлімдемені естиді, бірақ іс жүзінде басқасын көреді. Көрші Ресейде вакцина алу оңай, ал Қазақстанда ол жоқ. Қисынды,

халықтың жаппай вакцинацияның болмауынан аурудың тағы да өршуі орын алды деген күдігі орынды

Сондықтан Қазақстан өз күшін асыра бағалағанын жоққа шығармаймын. 2020 жылдың күзінде өз вакцинамызды әзірлеу және өндіру туралы сөз болған кезде, шамамызға қарау керек екенін айтқанмын. Ал шамадан тыс саясиландыру айтарлықтай нәтижесіз жарыс болғанын көрсетті.

Тыйым салу үшін тыйым салу

— Жаңа толқын аясында жаңа келеңсіздіктер басталды. Енді Президенттің коронавирус инфекциясын диагностикалауға арналған ПТР-тесттің ең жоғары құнын 9 500 теңге деңгейінде бекіту туралы тапсырмасы да орындалмауда. Мұндай баға енді жоқ, және бұл мәселені ешкім бақыламап отырған жоқ. Мүмкін, аурудың өршуі барлық науқастардың уақтылы емдеуді бастау үшін қымбат диагностиканы төлей алмағандығына байланысты шығар?

– Әрине, ол да мүмкін. Алғашқы толқын кәсіби мамандар қатарынан 200-ге жуық білікті медицина қызметкерлерін алып кетті. Сонымен қатар, бұл үлкен жұмыссыздыққа әкелді. Бірақ ол кезде баға бақылауда болатын. Ал жұмысынан айрылған адамдар мемлекеттен көмек алды. Қазір ондай ештеңе жоқ. Алғашқы толқыннан кейін ешкім байып кеткен жоқ, бірақ баға тез өсуде. Сондықтан көптеген адамдар вирус жұқтырғанын білмей, ауруға шалдығуы мүмкін.

– Санитарлық-эпидемиологиялық жүйе мезгіл-мезгіл әр нәрсеге тыйым салады. Бірақ тыйым салу шаралары барлық шектеулер енгізілетін әлеуметтік қашықтыққа қалай әсер ететініне мүлдем талдау жасамайды. Демалыс күндері нысандардың жабылуы жұмыс күндері адамдардың көптеп шоғырлануына әкелуде. Бұл бізге деген қамқорлықтың қаншалықты екендігінің көрінісі сияқты емес пе?

– Толықтай келісемін, соңғы кездері орын алып жатқан тыйымдар мен берілген рұқсаттар арасында үйлесімділік пен сәйкестік жоқ. Сондықтан вирустың таралуын тоқтатуға бағытталған шаралар күмәнді болып көрінеді.

Демалыс күндері көлік қатынасына тыйым салынды – тек дүйсенбіден жұмаға дейін ғана жұмыс істемейтіндер де бар екенін ұмытып кетті. Алматы шағын кент емес, ірі қала,

адамдардың қызметтік мақсатта жүріп-тұруы ешқашан тоқтамайды. Демалыс күндері таңертең және кешке қоғамдық көліктің жүруін қалпына келтіру дұрыс шешім болды. Бірақ ол да бірден қолға алынған жоқ.

Қателіктер тұтқыны

– Пандемия басталғаннан бері бір жыл өтті, ал шешім қабылдайтын адамдар қателіктер жіберуді жалғастыруда. Олар нақты жағдайды көрмейтін немесе оны көргісі келмейтін сияқты. Тыйым салу үшін тыйым салу вируспен күресудің жолы емес. Адамдар да шаршады, мұны түсіну керек.

Бір жыл бойы шектеулер мен тыйым салу режимінде өмір сүру өте қиын. Сондықтан халық та нұсқаулықтарды орындауға белсенді түрде қарсы шығады

Сонымен қатар, карантинге дейінгі уақытта да санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өз беделін түсіріп алғанын ұмытпайық. Адамдар қабылданған шешімдердің дұрыстығы мен тиімділігіне сенуді қойды. Бұл жүйеге сенімсіздіктің соңы неге әкеледі? Оның нұсқаулықтарын елемеуге.

Тек халық қана емес, сонымен қатар кәсіби тәуекелге баратын топтар да жіберілген және жіберілетін қателіктердің тұтқыны болады,

олар қайтадан шамадан тыс жүктеме тәртібінде жұмыс істейді. Бірінші кезекте бұл денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері. Олар алдыңғы қатарда. Әзірге, бұл біз болып жатқан жағдайдан алған басты сабағымыз шығар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз