Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
7
USD
497
-2.63
EUR
543
-1.68
RUB
6.05
+0.09

Вакцина алмаған ата-аналары балаларына коронавирус жұқтыруда – инфекционист

230

Қазақстан Covid-19 жұқтыру бойынша жаңа антирекордтар орнатып жатыр. Сонымен қатар, бұл сандар елде тіпті аза тұту жарияланған 2020 жылғы “қара” шілдедегі көрсеткіштен де асып түсті. Бүгінгі таңда жаңа жұқтыру оқиғасының саны тәулігіне 4 мыңнан асады, ал бір жыл бұрын 1 500 жағдай тіркелген. Ең көп жұқтырғандар Нұр-Сұлтанда – 1 128 адам, Алматыда екі есе аз, тәулігіне 640 адам.

Жұқтырғандар арасында балалар көп

Инфекционист-дәрігер және “МУА” ҰАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының доценті Баян Турдалинаның айтуынша, қазір коронавирус жұқтырған көптеген балалар ауруханаға жатқызылуда. Ол  №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы базасында наурыз айында ашылған ашылған ковидтік стационарда жұмыс істейді.

Баян Турдалина

Маусымның ортасына қарай ол жабылған еді, бірақ эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты шілде айының басында қайтадан іске кірісті.

– Біздің аурухананың төсек-орын сыйымдылығы – 350-400 орын. Қазір барлық орындар бос емес.

Бұрынғыға қарағанда балалар көп түсіп жатыр, олардың арасында тіпті жаңа туған нәрестелер де бар

Ковидпен ауырған кішкентай науқастарды емдеудің ерекшелігі, егер оларда көрінерлік патология болмаса, олар ЖРВИ-ге тән белгілері бар вирустық инфекция – температура, жөтел, мұрыннан су ағуы түрінде өткізеді.

Мұндай жағдайларда детоксикация, симптоматикалық емдеу жүргізіледі. Коронавирус жұқтырған балаларға арналған этиотропты арнайы терапия жоқ.

Онкологиясы, әртүрлі иммун тапшылығы жағдайлары, қан аздық, жүрек ақауы және т.б. бар балаларға өте қиын. Сондықтан қауіп факторлары бар науқастар өте сақ болып, мүмкіндігінше оқшаулануы керек. Әрине, мұндай жағдайларда, ең алдымен, ата-аналары вакцина алуы керек, өйткені балаларға солардан жұғады.

Егер адам вакцина алғаннан кейін жұқтырса?

– Бәрі түсінуі керек: ересектер қаншалықты көбірек екпе жасатса, соғұрлым біз ұжымдық иммунитетке қол жеткіземіз. Егер кем дегенде 60% екпе алса, жұқтыру да төмендейді.

Өкінішке орай, бізде вакцина алу қарқыны төмен, жаңа штаммдардың пайда болуы жағдайды ауырлатуда

Демек, коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны одан әрі өсуі мүмкін”, — дейді Турдалина.

Дәрігердің айтуынша, вакцина алғаннан кейін жұқтырғандардың үлесі өте төмен. Егер вакцина алған адам қайтадан вирус жұқтырған болса, көп жағдайда ауыр зардаптарсыз өтеді. Вакцина алғанның арқасында күн сайын науқастармен қарым-қатынас жасауға тура келетін дәрігерлер инфекция жұқтырмайды. Естеріңізге сала кетейік,

пандемия басталғаннан бері 10 мыңға жуық медицина қызметкері коронавирус жұқтырды, олардың екі жүзден астамы қайтыс болды

– Вакцинацияның арқасында дәрігерлер арасында жұқтыруға қатысты қиындық туындаған жоқ. Егер әріптестері ауырса да, жеңіл түрде өтеді. Өткен жылы бұл үлкен қиындық туғызды”, — дейді жұқпалы аурулар дәрігері.

Созылмалы аурулар және екпелер

Баян Турдалина созылмалы аурулары бар адамдарға мүмкіндігінше тезірек вакцина алуға кеңес береді.

– Егер адам ремиссия кезеңінде болса, қажетті терапияны қабылдаса, қан қысымын бақылап, қандағы қант мөлшерін бақылап, диетаны ұстанса, ДДҰ вакцина алуды ұсынады. Мысалы, коронавирус қант диабетінің қарқынын арттырады.

Біздің тәжірибемізде созылмалы аурулардың ағымын бақыламаған пациенттерде Covid-19-дан өлімге душар болған жағдайлар болды

— деп қорытындылады медик.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз