Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Вакцина алғандар вирус тарата ала ма? Ғалымдар үндемейді – шетелдік БАҚ шолуы

1148

MSNBC-ге берген сұхбатында дәрігер Валенски CDC жариялаған мәліметтерге сілтеме жасады. Мәселе Moderna немесе Pfizer-BioNTech вакцинасының бір дозасы инфекцияның алдын алуда 80 пайыз, ал екі дозасы 90 пайыз тиімді екендігі туралы болып отыр.

“CDC-тің бұл деректері вакцина алған адамдар вирус жұқтырмайтынын және тасымалдамайтынын көрсетеді. Бұл тек клиникалық зерттеулерде ғана емес, нақты жағдайда да орынды”, — деді ол.

Скептиктерге арналған дәлел

CDC директорының бұл сөзі әлемдік БАҚ-қа тез тарап, медициналық қоғамдастықта әр түрлі реакция тудырды. Сарапшылар Валенскийдің ғалым ретінде зерттеу нәтижелерін дәл осылай талдауға құқығы жоқ екенін атап өтті.

Негізінен, CDC деректері вирустың вакцина алғандардан таралуы төмен болуы мүмкін екенін айтады. Ал дәрігер Валенскидің пікірі вакцина алғандардың қорғанысы ең жоғары екенін меңзейді.

Айта кету керек, бұдан әрі Валенски вакцина алғандар да қоғамдық орындарда бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек екенін жеткізген. Алайда, БАҚ оның түсіндірмесінің тек бірінші бөлігіне ғана назар аударуды жөн көріпті. Яғни, “CDC директорының айтқанын іліп алып, жалпы жұртшылықты жаңылыстырды” дейді сарапшылар.

“Мен дәрігер Валенскидің американдықтарды вакцина алудан бас тартпауға және сақтық шараларын сақтауға шақырғысы келгенін түсінемін. Себебі жұқтырғандар санының көбеюі мен өлім саны алаңдатып отыр. Бірақ егер дәрігер Валенски вакцина алғандардың көпшілігі вирус тасымалдаушысы болмайды деп айтпағанда, біз бұл туралы талқыламас едік”, — деді Джон Мур, Weill Cornell Medicine вирусологы.

Сарапшылардың пікірінше, кең таралған қате түсінік CDC-тің жаппай вакцина алуға шақыруына кедергі келтіруі мүмкін. Ал Нью-Йорктегі Слоан Кеттеринг атындағы онкологиялық орталықтың директоры Питер Бахтың айтуынша, бұл

скептиктерге Үкіметтің ғылыми деректерді басқарып отырғандығын дәлелдейтін керемет аргумент болды

“Шынымен де әсері бар, бірақ толық қорғаныс бола алмайтынын көрсеткен зерттеулер мен бұқаралық ақпарат құралдарында айтылғандардың арасында ортақ ештеңе жоқ. Сонымен қатар, Валенкидің түсіндірмесі вакцина алғаннан кейін де адамдардың не үшін бетперде киюді жалғастыруы керек деген бұлыңғыр ойларын жоққа шығарды”, — деді дәрігер Бах.

Зерттеулер не дейді?

Вакциналарды клиникалық сынақтардан өткізу олардың ауыр сырқаттың және өлімнің алдын алатындығын бағалау үшін керек. CDC жасаған зерттеуі бойынша вакциналар инфекцияның алдын-алу үшін өте тиімді деген қорытындыға келді.

Зерттеуге 3 950 медицина, жедел жәрдем қызметкерлері және жұқтыру қаупі жоғары басқа да адамдар қатысты. Әр апта сайын қатысушылар мұрындарынан жағынды өткізіп, сынамаларды тестілеуге жіберді. Бұл барлық инфекцияларды, белгілері бар және ешқандай белгі бермейтін инфекцияларды бақылауға мүмкіндік берді.

Зерттеу көрсеткендей, вакцина алғаннан кейін екі апта өткен соң вакцинацияланған адамдардың басым көпшілігі вирустан зардап шекпеген. Pfizer және BioNTech жариялаған нәтижелерге сәйкес, вакцина алған 77 адам коронавирус жұқтырған кезде, олармен қатар плацебо алған 850 адам жұқтырған.

“Кейбір вакцина алған адамдардың да вирус жұқтыратыны анық”, – деді Питтсбург Университеті жанындағы Вакциналарды зерттеу орталығының директоры Пол Дюпрекс.

Деректер вакцинацияланған адамдардың вирус жұқтыру деңгейі әлдеқайда төмен екенін көрсетеді, бірақ олар мүлде жұқтырмайды деп ойламаңыз. Біз ауру белгілерін тоқтатамыз, адамдардың ауруханаларға түсуіне жол бермейміз. Бірақ біз оларды толығымен инфекция жұқтырмайтындай ете алмаймыз”.

Дюрекс сонымен қатар, вакцина коронавирустың жаңа штаммдарына қарсы кепілдік бола алмайтынын атап өтті, қалай болғанда да әзірге мұндай зерттеулердің нәтижелері жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз