Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Универсиада қызметкерінің жүрегі сыр беріп, қайтыс болды

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада дирекциясының бастығы Наиль Нуровтың айтуынша, қайғылы жағдай 31 қаңтар күні кешкісін “Сұңқар” шаңғы трамплині кешенінде орын алған.

Біздің қызметкерлеріміздің бірі өзін жайсыз сезініп, реанимобиль шақырдық. Ол 7 минуттан кейін келді“, – дейді Нуров.

Дәрігерлер 40 минут бойы Бауыржан Рафиктовтың өмірі үшін жанталасты, бірақ олар шарасыз болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, қызметкердің өліміне жүрек талмасы себеп болуы мүмкін“, деп қосты ол.

Қайтыс болған жігіттің дирекцияда жұмыс істеп жүргеніне әлі бір ай да толмапты. Оның артында қарт анасы, әйелі мен екі баласы қалыпты. Марқұмды жерлеу шығыны мен оның отбасына өтемақы төлеуді дирекция өз мойнына алмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз