Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Универсиада бізге не берді?

177

Ал одан кейін сөз алған журналист Сергей Козловтың пікірінше, осындай шараларды қабылдау арқылы, Қазақстан өзінің спорт мәдениетін қалыптастырады. “Айталық, Лондонда сенбі және жексенбі күндерін халық спортқа арнайды. Универсиада ел арасында спорт мәдениетін қалыптастыруға септеседі деп ойлаймын” дейді ол.

Саясаттанушы Әділ Кәукеновтың пікірінше Универсиададан кейін Қазақстанның Қысқы Олимпиаданы қабылдау мүмкіндігі өсті.

Ал саясаттанушы Айдархан Құсайынов өз сөзінде: “Иә, спорт елді біріктіреді. Бірақ, бұл саланы жүйелі түрде дамыту керек. Себебі, спорт та саясат. Спорттың түрлі саласын дамытуға қаржы керек” деген пікір білдірді.

Өз кезегінде Құсайыновтың сөзін толықтыра кеткен сарапшы Антон Морозов: “Универсиада өтеді, кетеді. Біз одан кейін қалатын спорттық нысандарға мән беру керекпіз. Ертең олар қаңырап қалмай ма? Оларды тиімді пайдалану керек. Туристерді Универсиада өткесін де молынан шақыруға болады” деді.
Жиынды қорытындылаған сарапшы Мәдина Нұрғалиева өз кезегінде Универсиаданың спорттық нысандарының қаңырап қалмасына сенім білдірді. “Халық спорттың өзіне, балаларына керек екенін түсініп келеді” деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз