Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Украинаның ұлттық валютасы құнсызданды

Қыс басталғалы Украинаның төл қаржысы әлсірей бастады. Қазір доллардың гривнаға шаққандағы бағамы 29 гривнаға жетіп, айырбастау орталықтарында еуро 35 гривнаға дейін өскен. Сарапшылар мұндай көрсеткішке екі фактордың тікелей ықпал етіп отырғанын айтады. Алдымен Украинаға тасымалданатын шетелдік тауарлардың импорты 27 пайызға дейін шарықтады. Мұны сауда балансының теріс сальдосы деп атайды. Екіншіден, Украина – экономикасы халықаралық қаржы қорынан түсіп тұратын көмек ақшаға зәру ел.

БЛИЦ:

– АҚШ доллары жаңа жылға дейін де өскен, әзірге бір бағада тұрақтай алмай тұр. Әрине бұл бензин және тауар бағаларының шарықтауына да тікелей кері әсерін тигізеді.

– Доллардың өскені киім және тамақ бағасының өсуіне әсер етті. Пәтерақысы да шарықтап тұр.

– Не айтайын, Америка қаржысының өскені қалтаны біраз қағатын түрі бар. Бұл – мемлекет үшін тым үлкен инфляция, өкінішті.

– Тұтынушы ретінде, доллардың өскенін бірден сезіндім. Күнделікті тұтынатын жанармай қызмет түрлері, дүкендегі тауар және азық-түлік бағасы шарықтап шыға келді.

Кәсіпкер және инвестицияларды басқару магистрі Сергей Савченко бес жылдан астам өзінің шағын ісін дөңгелетіп келеді. Жас кәсіпкер АҚШ ақшасының бұлай бұлғақтауы оның да бизнесіне тікелей әсер еткенін айтады. Польша мен Молдовадан тауар тасымалдайтын ол Украинадағы тауар бағасын арттыруға мәжбүр болып тұр.

Сергей Савченко, кәсіпкер:

– Жаңа жылға дейін және одан кейін де өкінішке орай, АҚШ доллары шарықтап кетті. Украина жыл соңына таман сыртқы қарыздарын шет ел валютасымен қайтарады және импорттық тауарларға жыл соңында сұраныс артқан. Мұндай бағаның ешқандай тарапқа пайдасы жоқ. Айталық, доллар 5 пайызға өскен болса, біз ұсынған тауардың бағасын 2-3 пайызға арттыруға мәжбүр боламыз. Бұл тұтынушы үшін қымбат, ал мен сияқты кәсіпкерлер үшін – үлкен шығын.

Украиналық гривнаның құнсыздануына елдің борышы туралы алып-қашпа ақпарат көзі де кері әсерін тигізіп отыр. Бүгінде мемлекеттің алтын-валюта қоры 18,8 млдр долларды құрайды.

«Алайда бұл сома сыртқы қарызды жабуға жеткенмен, төл ақшаны тұрақты ұстап тұруға шамасы келмейді. Сондықтан Украина халықаралық қаржы қорынан түсетін кезекті қарыз ақшаны тағатсыз күтеді», – дейді қаржы саласының мамандары.

Авторлары: Аида Кыдырбай, Михаил Мищенко

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз