Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Украинада қазақстандық спортшы қайтыс болды

157

Бұл мәліметті IFBB қазақстандық бодибилдинг федерациясының өкілдері растады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Федерациядағылар Евгений Прудниковтің қайтыс болғаны жайлы бүгін, 22 қарашада белгілі болғанын айтады. Қайғылы оқиғаның себептері әзірше белгісіз. Бұл оқиға 21 қарашада болған.

“Біздің атлеттің туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Денесін отанына жеткізуге қолдау көрсетеміз. Қайғылы оқиға жайлы Сыртқы істер министрлігіне хабарладық, осы мәселемен Қазақстанның Украинадағы консулымен айналысамыз”, – деді республикалық IFBB бодибилдинг федерациясының президенті Александр Колюка.

Евгений Прудников 33 жаста болған. Спортшы IFBB ұйымдастарыған қалалық және республикалық жарыстарға қатысқан. Бодибилдингтен және пауэрлифтингтен спорт шебері болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз