Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
11
USD
426
+0.01
EUR
495
-0.20
RUB
5.98
+0.03

Украина Шойгу мен тағы 17 ресейлік шенеунікті іздеуге берді

Оның айтуынша, шенеуніктердің әрекеті екі мыңнан астам украиналық сарбаздың өліміне әкеп соқтырды, солардың кесірінен сегіз мың жауынгер жараланды, бұған қоса шамамен 50 млрд доллардың мүлкі мен техникасы жойылды. Луценконың хабарлауынша, прокуратура қазір Ресей президенті Владимир Путин мен премьер-министрі Дмитрий Медведевке айыптар әзірлеп жатыр.

Баспасөз конференциясында Ресей президентінің көмекшісі Сергей Глазьев пен ресейлік Дума депутаты Константин Затулиннің телефон әңгімелерінің жазбасы тыңдатылды. Шенеуніктер Одесса мен Харьковтегі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелерін талқылаған. Тергеу өкілдері сараптаманың аудиотаспада Глазьев пен Затулиннің дауыстары екенін растағанын мәлімдеді.

Бас прокуратураның хабарлауынша, қазіргі таңда Ресейдің 39 азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың барлығын Киев Украинаға қарсы соғыс ашуға айыпты деп есептейді.

Донбастағы жанжал 2014 жылы көктемде Қырымның ресейлік аннексиясынан соң басталды. Киев және Батыс елдері Ресейді сепаратистерге қолдау көрсетті деп айыптайды. Кремль бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз