Ухань қаласы коронавируспен күрестегі жеңісі мен 76 күнге созылған қатаң және бұлжытпайтын оқшаулау тәртібінің тоқтағанын атап өтті
Жарым түнде қаланың шекаралары ашылып, құқық қорғаушылар қоршауларды алып тасады, ғимараттар жарықтандырылды. Пойыздар мен қоғамдық көлік жүрістері, сондай-ақ әуе байланыстары жандандырылды. Жақын арада 200 рейс өз жұмысын қайта бастайды.
Естеріңізге сала кетейік, Ухань қаласы Хубэй провинциясында орналасқан. Ол Қытайдағы ең зардап шеккен аймақтардың бірі болды, осыған байланысты елдің биліктері провинцияның өзін де, ондағы қалаларды да толық оқшаулауға тура келді. ҚХР-дағы эпидемиологиялық жағдай жақсаруда, соңғы тәулікте елде алғаш рет эпидемия басталғаннан бері ешкім коронавирустан қайтыс болған жоқ.