Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Учаскелік инспекторға шабуыл жасаған ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады

156

Оқиға былай өрбіген: күдікті – С. есімді азамат жұбайының тікелей жұмыс орнында жанжал шығарып, кеңсенің есігін сындырғаннан кейін әйелі бұл туралы «102» пультіне хабарлаған.

Учаскелік инспектор осы азаматты әкімшілік өндіріс аясындағы ұсақ құқықбұзушылық әрекеті үшін медициналық куәландырудан өткізуге апарады. Бұл жерде ішіп алған ер адам полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, бет тұсынан ұрған. Жақ сүйегінің шығу күдігімен учаскелік инспектор медициналық мекемелердің біріне жеткізілді.

Ал күдікті ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексі 128-бабына сәйкес уақытша қамау абақтысына қамалды. Жуырда тергеу барысында күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылатын болады», – деп хабарлады Алматы қаласының ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ғазиз Нұрқаев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жыл басынан бері ҚР ҚК 380-бабында (билік өкіліне қарсы күш қолдану) қарастырылған қылмыс белгілері бойынша, осы іспеттес 15 фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал билік өкіліне бағынбағаны үшін (ҚР ҚК 379-бабы) 72 адам, билік өкілін қорлағаны үшін (ҚР ҚК 378-бабы) 15 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Анықтама үшін: ҚР ҚК 378-бабына сәйкес (Билік өкілін қорлау) лауазымдық міндеттерін атқару барысында билік өкіліне тіл тигізген күдікті 45 тәуліктен 75 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылады.

ҚР ҚК 379-бабына сәйкес (Билік өкіліне бағынбау) билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбаған жағдайда күдікті 40 тәулікке қамалуы мүмкін. Ал егер оқиға төтенше жағдай жарияланған жерде орын алса, онда күдікті екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы ықтимал.

ҚР ҚК 380-бабына сәйкес (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) күдікті билік өкіліне немесе оның туыстарына қарсы күш көрсетсе және оның бұл әрекеті олардың өміріне немесе денсаулықтарына қауіпті болмаса немесе зорлық-зомбылық жасаймын деп айбат көрсетсе, онда күдіктіге екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз