Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Уәлибек Әбдірайымов: “Жүсіп қалшылдап кетті…”

398

Қазақтың тілі дамыған кезде біздің әзіліміз де дамиды, астарлап айтқан ойымызды көрермен түсіне алатын дәрежеге жетеді. Жасыратыны жоқ, біз Петропавлға, Қостанайға, Павлодарға гастрольмен бармайтын болдық.

Бір жолы барғанымызда қазақ тілінде бір ауыз сөз білмейтін мәңгүрттерге қор болғанбыз.

Өйткені, ол жердің қазағына «сен қазақсың» деп айтып дәлелдей алмайсыз. Қостанай мен Павлодарда сахнада тұрғанымда осы әңгімені айтып едім, жергілікті қаламгерлері қапа болды. Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров шыққан өлкенің қауымы ана тілін білмейді, қазақша әзілдесең түсінбейді.

Қостанайда пәтер жалдап тұрғанымда түнде жарық өшіп қалып, теледидардан футбол матчын көре алмай жүйкем жұқарды. Таңертең пәтершінің қызы мен баласы келіп еді, соларға жарықтың өшкенін қазақша түсіндіре алмадым. Онысымен тұрмай бетіме қарап «вот, казахи!» дейді кемсітіп. «Әй, сен сонда қазақ емессің бе?!» деп одан сайын намысым қозды.

Анау-мынауға көтеріле қоймайтын Жүсіптің өзі қалшылдап кетті.

Содан анасын шақырттық. Сөйтсек, ол да шала қазақ біреу екен. Одан сайын жүйкеміз жұқарып «сіздің анаңыз бар ма?» деуге мәжбүр болдық. Бірінен бірі өткен мәңгүрттер қазақша бір ауыз сөз білмейді. Ана тілін білмегеніне намысы қозып отырған ешкім жоқ, тек ақшаңды алып кетсе болды. Сондықтан Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Талдықорған жаққа апталап, айлап гастрольге шығамыз. Ол жақтың қазақтары бізді төбесіне көтеріп, құрметтейді.

Уәлибек Әбдіраимов,

«Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры

Дереккөз: baq.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз