Ақтөбеде исламның біздің дәстүрге жат ағымын ұстанатын 10 баланы әскерге алмай қойды, олар ҰҚК-ның қара тізімінде жүр екен, деп хабарлайды КТК.
Енді Қазақстанның қарулы күштері қатарына салафиттер кіріп кетпес үшін, әскер қатарына алынушыларды тексеру комиссиясына дәрігерлермен қатар дін қызметкерлері де тартылуда.