Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-20
USD
524
+1.73
EUR
547
+2.80
RUB
4.99
-0.06

«Уәхәбист емеспін, Нұр-Отанскимін». Бекболат Тілеухан ақтала бастады

Оған қойылған сұрақтардың ішінде «Осы сіз не істесеңіз де сынаушы табылып тұрады. «Бекболат уахаббист» дейтін де ауыр мін тағылды. «Жер кодексіне» қатысты дау болғанда сізді жерден алып, жерге салды. Қазақ баласы «бірін бірі дос тұтпайтын» жағдайға жеткендей ойға қаласыз. Қазаққа бұл індет сонда қайдан жұқты?», деген сұрақ қойылыпты.

Сонда Бекболат бүй депті:

Кезінде маған «Сақал қойып, шолақ шалбар киіп, уахаб ағымында жүр» дейтін ауыр айып тағылды. Мұның барлығы өтірік, жалған! Қазақты қазаққа жау етіп көрсетудің өзі барып тұрған ессіздік. Сақалыма келсек, бұл – Қазыбек, Әйтеке, Төле билерден, Абайдан, Ыбырайдан, Ахмет Байтұрсыновтан қалған сақал. Марченкода да (бұрынғы Ұлттық банк төрағасы, – ред.) сақал бар.

Неге Марченкоға ештеңе айтпай, менің сақалыма жоқ жерден жармасатынына таңмын осы.

Былай қарап тұрсаң, өзге ағым деген ең ауыр жала ғой. Қайсымызды оңдырыпты бұл қоғам дейсіз, Ахмет Байтұрсыновты – «англиский шпион» деген, Сәкен Сейфуллинді – «японский шпион» деген. Бейімбет Майлинге – осындайсың десе, Мағжанға тағы бір күйе жағылған. Ұлттың қамына жұмыс істегендерге осындай ауыр жалалар жабылып келеді. Мен қазір ештеңеге таң қалмайтын болдым.

Енді «Жер кодексіне» қатысты ойымды айтып өтсем, кейбір интернет-басылымдар менің атыма қарата бірнеше рет үндеу жолдаған екен. Менің бұл мәселені талқылауға асықпағанымның себебін білесіз бе? Айтайын,

мен тек шығармашылықтың ғана адамы емеспін, сонымен бірге мемлекеттің өкілі және «Нұр Отан» партиясының мүшесімін.

Мұның бәрі маған белгілі бір жауапкершілік жүктейді. Себебі, мен не айтсам да, тек өз атымнан айтпаймын. Сондықтан, мұндай салмақты сауалға жауап бермес бұрын алдымен мамандармен – заңгерлермен, шенеуніктермен ақылдасуым керек болды.

Кейбіреулер менің жер мәселесіне қатысты өткір сын айтып, тіпті саяси мәлімдеме жасайтынымды күтсе керек. Неге? Әрбірден соң, бұл шешімді Бекболат Тілеухан қабылдаған жоқ, аталған заң бізге дейін күшіне енген. Заңда «Жер шетелдіктерге сатылмайды» деп тайға таңба басқандай жазылған.

Әрине, аталған мәселеге қатысты көзқарасымды білдірерде мен отандық және әлемдік экономикадағы жағдайды, еліміздегі әлеуметтік-саяси ахуалды назарға алдым.

Сонымен қатар, менің көзқарасым бойынша кез-келген ой-пікір қоғамды қақ жармауы керек, мұның арты ашық қақтығыстарға, тұрақсыздыққа апаратын ахуалға жетпеуі тиіс. Мәселенің осындай қырлары өте көп. Сондықтан Бекболат Тілеухан арзан популизммен айналысады деп күтпеңіздер. Менен мұндайды күткен адамның көңілін қалдыруға мәжбүрмін.

Тағы да қайталап айтамын: депутат болу – ел жүгін арқалау. Үлкен аманатты алып жүру. Ал мен бұл аманатыма адал болуға тырысып жүрмін, – деген екен.
https://kaz.365info.kz/bekbolatta-bar-baskhalarda-zhokh-ajtysker-khyz-ajtkhan-nagyz-erkekter-kim-foto-275146

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз