Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
17
USD
444
+1.32
EUR
475
+0.35
RUB
4.83
+0.09

Тұтынушы ұтады — экономист қазақстандықтарға кеңес берді

167

Ұлттық экономиканың таяу уақыттағы перспективалары туралы экономист Алмас Чукин айтып берді. Жағдайдың тұрақсыздығына және валюта айналасындағы алыпсатарлыққа қарамастан, сарапшы жағдайдың жақсаратынына үмітті.

“Менің ойымша, теңгенің девальвацияға ұшырауына үлкен себептер жоқ, керісінше, мұнай барреліне 100 доллардан сатылуы бағамды нығайтуы керек болған, бірақ әскери қақтығыс басталып кетті. Бір-екі аптадан кейін біз бір АҚШ доллары үшін 450-460 теңге дәлізіне ораламыз деп ойлаймын.

2015 жылы теңге де тұңғиыққа түсіп кеткен, 180-нен 300-ден жоғарыға. Қазір жалпы жағдай бірдей. Жол екіге бөлінеді. Теңге-доллар немесе теңге-рубль  — қай бағаммен жүреміз, соны анықтауымыз керек. Егер біз теңгенің рубльге байланысты құлдырауына жол берсек, онда біз инфляция үрейін, халық жалақысының құнсыздануын аламыз.

Егер біз долларды таңдап, долларға қатысты қазіргі деңгейде қалатын болсақ, онда тағы бір қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жаңа өмірге қадам басамыз”, — деп есептейді Чукин.

Сонымен бірге экономист жақын арада тұтынушыларымыз Ресейден күрт арзандаған импорттан пайда көретінін айтады. Бірақ болашақта отандық өндірушілер өте қиын жағдайға тап болады.

“Біздің сүт шығарушылар, кондитерлер, ұн тартушылар, шұжық жасаушылар, көлік қызметін ұсынатындар Ресей Федерациясындағы бәсекелестердің күрт арзандаған өнімдерімен бетпе-бет келуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе инфляция ресейлік өндірушілерге жетеді де, баға теңестіріледі.

Олар құрал-жабдықтарды жаңа бағаммен алуға мәжбүр болады, шикізат пен материалдар да қымбаттап, жұмысшылар құнсызданға рубльге өтемақы талап етуі мүмкін. Бірақ бұл бірден болмайды”, – деп қосты сарапшы.

Екінші жағынан, бұл санкциялар жалпы ҚР экономикасы үшін қызықты жаңа мүмкіндіктер ашады.

“Санкцияларға байланысты Ресей Федерациясындағы барлық импорт, біріншіден, қымбаттайды. Екіншіден, кейбір санаттар бойынша қолжетімділік қиындайды. Мысалы, Германиядан келетін автомобильдер сияқты қымбат тауарлар. Доллар/еуроны Германияға аудару қиын болады, бірақ рубльді Қазақстанға аудару салыстырмалы түрде оңай.

Осылайша, қайта экспорттауға арналған терезе ашылады, көптеген адам еуропалық тауарларды ресейлік жеткізушілер арқылы сатып алатын болса, енді жағдай керісінше өзгеруі мүмкін”, — деді Алмас Чукин.

Сарапшы дүрбелеңге берілмей, доллар сатып алуға асықпауға кеңес береді, әйтпесе  ақшадан ұтылу мүмкіндігі жоғары.

Айта кетейік, бұған дейін қаржы сарапшылары шетел валютасы нарығында алыпсатарлық туралы мәлімдеген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз