Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Түсіңе кіреді”. Енді еттің келісі 2300 теңге болады

123

Бүгін премьердің алдында баяндама жасаған Ауыл шаруашылық вице-министрі Қайрат Айтуғанов тоңазытылған сиыр етін Қытайға жіберуге кедергілердің жойылғанын жеткізді. Яғни, еліміздің 9 облысынан мал шаруашылығы өнімдеріне аусылға қатысты шектеу алынып, 5 өңірде вакцинациялау жүргізілуде. Енді екі ел арасындағы келісім аяқталса, жыл сайын елімізден  сиыр еті Қытайға жөнелтіле бастайды.

– Өткен жылы қыркүйек айында Қытайға аттарды экспорттауға рұқсат алған болатынбыз. Кеше балды экспорттауға да рұқсат алдық. Енді жылдың соңына дейін қытай базарына сиыр етін тасымалдауды жоспарлап отырмыз,- деді Ауыл шаруашылық министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов.

Ал, бір келі еттің бағасы өзгеретіні жайлы ауыл шаруашылығы вице-министрі Төлеутай Рақымбеков былай деді:

– Жеті доллар деген ақпаратты мен де естідім. Ол ішкі нарықтағы, бөлшек саудадағы баға болуы мүмкін. Ондай көтеріңкі баға болса, тауар өндірушілер қуанады.

Бағаның қымбаттайтынына шаруа қожалықтары қуанғанымен, сатушылар қуанып тұрған жоқ. Қазірдің өзінде базарда қымбатшылық, малдың құны аспандап тұр. Ал, экспортқа шығарсақ ішкі нарықта жетіспеушілік болып, еттің бағасы одан да шарықтап кетеді деп қауіптенеді.

Бәтес Ерболат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз