Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Түсімізге кіріп жүр”. Ет бағасы төмендей ме?

Оның сөзіне қарағанда, екінші себеп аясында агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында тиісті қадамдар жасалып жатыр. Онда жайылымдарды, егістіктерді жақсарту мен қоспа жемді өндіру көлемін арттыру шаралары жүзеге асырылуда.

«Бордақылау алаңдарын толық қуатына шығарған кезде қосымша 35-40 мың тонна ет шығарылады. Сонымен қатар ауылдық кооперация мен отбасылық бордақылау алаңдарын дамыта отырып, қосымша 40 мың тоннаға дейін ет аламыз. Осы 70-80 мың тонна еліміздің экспорттық әлеуеті болады. Ал ел ішін етпен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталатын болсақ, Қазақстан жылына 900 мың тонна етті өндіріп, тұтынады. Экспорт шамамен 12 мың тонна. 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы ет импортының көлемі 10 мыңнан 7 мың тоннаға дейін төмендеді. Осы ретте айта кетер жәйт – ет импорты негізінен мейрамханаларға премиум санаттағы және өңдеуге арзан мұздатылған етті жеткізумен байланысты»,-деп нақтылады Рақымбеков.

Министрдің орынбасары көктемде елімізде ет бағасы неліктен өскендігін түсіндірді.

Біріншіден, отбасыларда күзде және қыста дәстүрлі түрде дайындалатын ет көктемге қарай таусылады. Осы орайда көктемде арықтау болғандықтан, ірі қара малды союға ертерек, ал қозылар өсіп жетілмеген. Сондықтан да жыл сайын ет бағасының маусымдық өсімі байқалуда.

Екіншіден, өткен жылдың соңынан бері теңге/рубль бағамына байланысты солтүстік өңірлерден Ресейге ет тасымалданып жатыр. 2014 жылы керісінше еді, сол кезде еліміздің ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері РФ-тен арзан өнім жеткізіліп жатқандығына шағымданған болатын. Қазіргі кезде тасымал аталған көршілес елге қарай бағытталды.

«Маусым-шілде кезінде еттің бағасы тұрақтанады»,-дейді Рақымбеков.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов ет бағасының өсуіне түсінік берген болатын.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз