Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Тышқан-сигеніне дейін санайды”. Банкирлер байлардың ақшаны қалай ұстайтынын айтты

Мысалы, Альфа банктегілер өздерінің бай-манаптарған арналған PB (privatt banking) атауындағы қызметі барын айтыпты.

„Бұл қызметті тұтынатындар қатары жыл сайын артып отырады, бірақ айтарлықтай емес, яғни, бұл – шектеулі адамдар тобы. Мұнда банктің барлық қызметі кіреді, одан бөлек,

жылжымайтын мүлік, коммерциялық келісімшарттарға қатысты да қызмет көрсетіледі.

Ол адамдарға бөлінген банктің жеке кеңесшілері де бар. Олар банктен басқа консалтингтік, заңнамалық, салық бойынша да кеңестер беріп, қызмет көрсетеді„ – дейді банктегілер.

Өнер туындыларын ақшаға айналдыра алмай жүрміз

Ал АТФ банк ерекше тұтынушыларына белгілі бір бағытта қызмет көрсете алмай жүргендеріне өкініш білдіретінін жеткізіпті.

„Соңғы кездері бай-қуатты тұтынушыларымыз арт-банкингке, яғни, өнер туындыларына инвестиция салуға ерекше қызығушылық білдіріп жатыр.

Ал біз оны ұсына алмаймыз. Өйткені, ол Қазақстан заңнамасында қарастырылмаған„, – дейді.

Мұнда да privatt banking қызметін депозитінде 300 мың АҚШ доллары бар азаматтар мен олардың отбасы мүшелері тұтынады екен.

Бай дегеніміз еліміздегі атақты адамдар

Қазақстан ВТБ Банкі басқармасы төрағасының орынбасары Николай Суганяк бай-қуатты тұтынушыларға арналған қызметтің жұмыс істеп жатқанына 5 жыл болғанын айтыпты.

„Бұл – жекелей, өзіне ғана қызмет көрсетуді қанағаттандыру тұрғысында туындаған қызмет түрі. Мұндай адамдар бізде бар.

Олар – еліміздегі атақты адамдар, кәсіпкерлер, ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері және т.б.

Бай адамдардың жеке нотариусы, сенетін туристік компаниясы, жеке заңгерлері болатыны белгілі ғой. Міне, біз осының бәрін „бір терезе„ жүйесіне топтастыруға тырысамыз„, – дейді ол.

Жеке инкассатор жалдайды

ForteBank басқарма төрағасының орынбасары Махаббат Сейітова тұтынушылардың ерекше банктік қызмет түріне жүгіну сақтықтан туындауда екенін айтады.

„Ақша тыныштықты жақсы көреді”. Сондықтан тұтынушылар өзі жүгінген банк операциясы туралы көп біле бермесе дейді. Ал олар жүгінетін қызмет көбіне картадан картаға ақша аудару, ақшаны шоттан шешіп алғанда, инкассатор жалдау, қаржылық, құқықытық кеңес түрінде болып келеді„ – дейді ол.

Сондай-ақ банкир кейбір бай отбасылардың жеке қаржы менеджерін ұстайтынын да айтты.

– Бізден өз ісін білетін, кәсіби менеджер бөлуін сұрайды. Ол отбасылық қаржы кеңесшісіне айналады. Ол тұтынушының тапсыруы бойынша, оның компаниясынан бастап отбасындағы қаржы айналымдарының жоспарын түзеді. Күн сайынғы, ай сайынғы, жыл сайынғы, бірнеше жылдың есебін жасайды. Мәселен, отбасындағы әрбір мүшенің ай сайынғы жүріс-тұрысына қанша қаржы жұмсайтынын есептеп береді.

Ал отағасы баласының шотына сол көрсетілген сомада шектеулі лимит енгізіп қояды. Кейде лимиті бар карта жасатып беріп жатады балаларына, – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз