Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Тұрсын шыдамады”. Баян Есентаева атышулы суреті туралы айтып берді

Баян Мақсатқызы тұрмысқа шыққалы жатыр. Жуырда әлеуметтік желіде оның той көйлегімен түскен суреті пайда болған еді. Оның мәнісін Баян түсіндіріп берді. Сөйтсе ол суретті сүйіктісі ешқандай рұқсатсыз желіге салып жіберген екен.

https://kaz.365info.kz/iya-kyjeuimnin-kozine-shop-saldym-bayan-agynan-zharyldy-259114

«Шыны керек, суретті көрген кезде өзім де таң қалдым. Өйткені, бұл кішігірім тосын сый болатын. Иә, бз фотосессия жасаған едік. Оны түгелімен жуырда ғаламторға жариялаймыз. Ал әлгі суретті Тұрсын менімен ақылдаспай алдын ала Интернетке салып жіберіпті. Осы үшін арамызда аздаған кикілжің де болды.

Сөйтсем, Тұрсынға дәл сол сурет ұнаған екен. Ер-азаматтардың сұлулыққа деген көзқарасы ерекше ғой.

«Бұл суретті неге салдың?» деп сұрадым. Ол «Мен сүйетін Баянның болмысы осы жерде анық байқалған» деп жауап қайырды», – дейді Баян Есентаева.

Мұнымен қатар, продюсер дәл қазір шығармашылық шабыт пен жұмыс туралы ойлағысы келмейтінін айтып қалды.

“Мен шығармашылыққа әлі етене кіріскен жоқпын. Себебі, әлі де емделіп жүрмін. Дәл қазір жұмыс жайлы ойлағым да келмейді. Нағыз қызық 40 жастан кейін басталады демекші, Тұрсын екеуіміз жеке өмірімізді реттеп жатырмыз”, – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/yjlenbej-zhatyp-azhyrasty-ma-tyrsyn-bayan-esentaevaga-yjlenbejtin-bolypty-desedi-foto-video-260819

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз