Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Тұрсын Алагөзов қызымен қарым-қатынасы жақсарғанын айтты

554
Reactor Inform

Тұрсын Алагөзов осы аралықта қол қусырып отырмаған және балаларымен қарым-қатынасын жақсартуға тырысқан. Ақырында, сең қозғалып, қызымен тіл табыса бастаған. Ұлына келетін болсақ, онымен байланыс әлі де қиындап тұр.

«Балаларыммен қарым-қатынасым күрделі. Ұлыммен күрделі, қызыммен қалыпқа келуде. Олар енді есейді ғой. Бәрін түсінеді деп үміттенемін. Бұл уақыт еншісінде. Егер мен бұл туралы айтпасам, уайымдамай жүрмін дегенді білдірмейді. Мен де адаммын ғой. Уақыты келеді, қайта араласатын боламыз деп үміттенемін», – деді Тұрсын Алагөзов «Шыны керек» бағдарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Тұрсын Алагөзов Баянға үйленгеннен кейін, балалары анасының жағына шыққан. Бизнесменнің 26 жасар қызы Амина Алагөзова тегін ғана емес, әкесінің атын да өзгертті. Ұлы Арсен Алагөзов әкесінен пәтерінен шығуды талап етіп, сотқа берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз