Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Тұрмысқа жаңа шығып ана атануына екі ай қалған келіншек сәбиімен бірге көз жұмды

Бұл Сандуғаш Бақытжанқызының туған сіңлісі Рыскүлмен соңғы рет тілдесуі. Сандуғаш Рыскүлдің жағдайы ауруханаға түскеннен нашарлай бастағанын байқап, дәрігерлерге баланы кесір тілігі арқылы алып тастап, сіңлісінің жанын аман қалып қалуын сұрағанда ақхалаттылар қарсы болды дейді.

“Баланың жүрегі қағысы бәрі сау болып, бала іште нормальный жатты. Балаға іште ешқандай қауіп жоқ деген сөз айтты”, – дейді Рыскүл Момбектің әпкесі Сандуғаш Бақытжанқызы.

Алайда жатырдағы сау бала жарық дүниені көрмей жатып көз жұмды. Марқұмның туыстарының айтуынша, іште шетінеген баланың денесін берулерін сұрағанда дәрігерлер мәйітті басқа перзентханадан аласыздар деп күттіріп қойған. Ақыры шақалақты дәрігерлер айтқан перзентаханадан емес мәйітханадан алғанда туыстары баланың денесі жеті айлық нәрестенікі емес екенін байқадық дейді.

“ДНК-сын сараптама жасап, бізге нәтижесі керек дедік. Ол бала біздікі ме?! Мүмкін жеті айлық бала емес, тоғыз айлық баланы беріп, жеті айлық баланы басқа біреуге берген шығар олар. Енді ана жеті айлық бала, жетілмеген бала қалай ол 50 см болады менде сұрақ?!”, – дейді ол.

Мәйітті жерлегеннен кейін ауруханаға келген ағайындары Рыскүлден де айырылып қалған. Дәрігерлер салғырттық танытпағанда ана мен баланың біреуінің болса да жанын сақтап қалуға болар еді, дейді Сандуғаш.

Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасындағылар  бала мен ананың жанын сақтап қалуға барымызды салсақ та марқұмның туыстары дәрігерлерге жала жауып отыр деген пікірде.

“Енді әртүрлі жағдай болады, әйелдің организміна байланысты, баланың жетілуіне байланысты. Ол әртүрлі, өлшемдері әртүрлі болуы мүмкін. Бізде бәрі көрсетілген. Салмағы, бойы ұзындығы бәрі. Бізде де патанатомияда. Ол неге басқа жерден алды дегеніңіз ол жер орталықтандырылған, сол жерде барлық экспертиза жасалады”, – дейді Бас дәрігердің хирургия бойынша орынбасары Оңласын Төлепберген.

Марқұм Рыскүл Момбекованың туыстары дәрігерлердің қорытынды қағаздары әлі күнге дейін қолдарына тимегеніне күдікпен қарайды. Ана мен бала өлімінің себептері өзгертіліп, екі адамның ажалына айыптыларды анықтау мүмкін болмай кете ме деп алаңдап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз