Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Тұрмысқа шыққанда бәрі өзгереді десем…”. Гауһар Әлімбекова күйеуі туралы айтты

287

Гауһар Әлімбекова көп қыздар құсап, тұрмысқа шығуды армандамағанын айтады. Оның арманы – ән айту болыпты.

– Сондықтан әнімді айтып, бақытты боп жүре бердім, – дейді әнші.

“Шынымды айтайын, ақ ат мінген ақ ханзаданы бұрын армандамаппын. Тек соңғы 2-3 жылда бұған бас ауырта бастадым. Ал оған дейін Құдай өзі жібереді ғой деп жүре бердім. Бұйырғаны болады деп өлеңімді айтып жүре бердім. Сөйтсем еш хабар жоқ. Алаңдай бастадым содан. Сосын мүмкін мен сұрамай жатқаннан солай болар деп Құдайдан тілейтін болдым. 2-3 жылдан кейін келді. Былтыр (2016 жылы) бас қостық”, – дейді Гауһар.

 

Егер қатарластарыммен жарыссам әлдеқашан тұрмысқа шығып кетер едім деген Әлімбекова бұл ретте ешкімнің сөзіне, өзіне мән бермей жүре бергенін де айтты. Ал ақыры Құдай жолықтырған жары туралы айтуға әншінің дәті бармайды екен. „Айтады ғой, сен неменеге елдің бәріне жайып жүрсің мен туралы„ десем қайтем, ұят емес пе деді.

https://kaz.365info.kz/gau-ar-limbekova-eshkimge-bildirmej-t-rmys-a-shy-yp-alypty-video-240749

“Таныстық, кездестік, сөйлестік. Мен біреуге ұнау үшін бір қылықтар жасамаймын ғой. Табиғатым қандай сондаймын. Қазақтың қыздары құсап, майысып, барынша ибалы, инабатты болуға тырысамын деп ойлаймын, бірақ өз-өзімді ұстай алмай қаламын.

Әдетім бар, сөйлеп отыратын, біреуге тиісіп отыратын қалжыңдап. Сөйтсем ол да менің қалжыңыма жауап қайтарып отыр. Бір қызық, көңілім солай ауды оған…

Өз басым, бір көргеннен ғашық болу дегенге сенбейтін едім, бірақ өзім бір көргеннен ұнаттым. Тура сол кезде жақсы көріп қалдым деп ойлаған жоқпын. Біраз күн өтті, сөйлесіп тұрдық. Кейін ол звондаса қуанатын болдым. Оның да менің ұнататынын сездім.

Бірақ сөз айтатын түрі жоқ, сондықтан өзім айтқызғандай болдым.

Өзіммен жасты екен, ол да мені күтіп жүрген секілді ғой (күлді)”, – дейді әнші.

Оған қоса әнші күйеуінің бұрын әйелі болған-болмағанын білмейтін болып шықты.

“Бұрын некеде болған-болмағанын одан сұрамаппын. Үйленген болса да маған бәрібір…

Басында іштей өзім қуанып жүрдім. Бір адамның пайда болғаны туралы ешкімге тіс жарып айтпадым. Содан соң айта бастадым туысқандарыма. Бірақ олар маған сенбеді. Өйткені мен жылда уәде беремін ғой. Сол кезекті өтірігі екен деді. Содан оны ертіп барып, таныстырдым.

https://kaz.365info.kz/gau-ar-aspa-ova-bireudi-to-aly-bol-anyn-mojyndady-226522

Онда да одан сұрады: „Біздің қызды алғалы келдің бе?„ деп. Содан бір-ақ сенді ғой олар.

Күйеуге шыққан соң көп нәрсе өзгеретін шығар деп ойлағам. Бірақ бәрі баяғыдай секілді. Дегенмен кей нәрсеге көзқарасың өзгереді екен. Кешірімшіл боласың. Мен онсыз да кешірімшіл адаммын. Бірақ тұрмысқа шыққасын мүлде ақ көңіл боп кеткен секілдімін.

Бір қызығы, тұрмысқа шыққаннан кейін маған сөз салатын жігіттер көбейіп кетті. Көбісі жас жігіттер. Тұрмысқа шықтым десем көбісі сенбейді маған. Онда күйеуіңді көрсет дейді. Мен олардың қайсібіріне барып күйеуімді көрсете беремін-екеуіне телефон арқылы сөйлестірдім. Ақыры қойды ғой әрең дегенде олар да…„, – дейді ГауҺар Әлімбекова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз