Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Тұрмысқа шыққан ақтөбелік айтыскер қыз өз тойында айтысты

356

Тойға арнау айтуға келген ақындардың бірі Қайырхан Жұбаниязов қалыңдықтың ата-енесінен рұқсат сұрап, сұлуды айтысқа шақырды.

«Айтыс тартысты өтті. Әзіл айтыс болды. Әрине, қалжың кезінде отбасы құрып отырған жұбайларға жақсы тілектер айтылды. Бұрын-соңды мұндай тойды көрмедік. Жұлдыз қызымызға тек бақыт тілейміз», — дейді тойда болған қонақтардың бірі.

Ақын Қайырхан жұбайларды мақтай келе, күйеу балаға ақын қызға жақындаудың өзі ерлік екенін айтқан. Күйеу баланың полицияда қызмет ететініне де айтылмай қалмапты. Күйеу баланың есімі – Жәнібек, ол полицияда қызмет етеді.

Танымал ақын Жұлдыз Қожабекова көптеген айтыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың қолынан әдебиет саласындағы жетістіктері үшін арнайы сыйлық алды. Таяу күндері Ғани Мұратбаев атындағы сыйлыққа ұсынылды.

Ал желі қолданушылары бір легі мұны өрескел санаған.

„Келіннің аты келін, әдептен озбағаны дұрыс еді„ – дейді. Ал қағытқысы келген біреу: „Айтыс-шоу өткізгенше тойын өзі жүргізе салмады ма„ депті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз