Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Түрмеден шықпай отырсын!”. Әйелін өртеп жіберген еркектің балалары сотқа шағымданды

133

Кішкентай Арина биыл бірінші сыныпқа барды. Бірақ мектепке оны өзге балалар сияқты анасы емес, нағашы апасы жетектеп апарған. Беске жетер-жетпесте жетім қалған бүлдіршіннің анасы туралы естелігі жыл өткен сайын бұлыңғырланып барады. Бүлдіршіндердің анасын 2015 жылы әкесі өлтірген. Жантүршігерлік қылмыстан кейін бас сауғалаған қылмыскер бірнеше айдан соң ағасының үйіндегі жертөледен табылған-ды. Сот үкімімен 18 жылға сотталған азаматтың түрмеге қамалғанына екі жылдан асты. Төрт баланың тәрбиесін марқұмның апасы өз мойнына алған.

https://kaz.365info.kz/tyk-istej-almaj-khaldy-khostanajda-azhyrasyp-zhatkhan-erkek-sot-zalynda-ajelin-oltirdi-252290

Алайда балалар әлі күнге дейін әкелерінен сот тағайындаған материалдық шығынды өндіре алмай жүр. Жеке сот орындаушылары жұмыс істегісі келмейді. Ештеңе өндіре алмаймыз деп қарап отыр. Онда сот неге болды, сот неге ондай үкім шығарды?”, – дейді марқұм Сәдуованың апасы Айгүл Дәрменова.

Судьяның үкімі мен оның орындалуы екі бөлек дүние көрінеді. Сот залынан абақтыға аттанған Қанат Сәдуовттен екі жылда бірде-бір хабар жоқ. Тас бауыр әкеден бүгін оның балалары да бас тартып отыр.

“Байланыс болмайды да. Хабарласпаймын. 18 жыл бойы отырсын түрмеде, шықпай. Балалар Петропавлда, өзім Астанадамын қазір”, – дейді үлкен ұлы Талғат Сәдуов.

Үйдің үлкені Талғаттың тапқаны қалған үш баланың қажетіне жетпейді. Балалардың оқуына бола шалғайдан Қызылжарға көшкен Айгүл, үйді 80 мыңға жалдап тұрады екен. Жетімдер мемлекеттен де ешбір көмек көрмейді. Есесіне, мемлекеттің есебінен ішіп-жеп, қамауда жатқан әкелері жұмыс істеуден бас тартыпты. Ал мәжбүрлеп жегуге заңның күші жоқ.

https://kaz.365info.kz/almaty-oblysynda-hidzhap-kiyuden-bas-tart-an-kelinshekti-pysha-tap-ltirdi-234751

“Асырап алушы сот бұйрығын алуға өтініш беруі керек. Ол күшіне енген соң, бұйрықты сот орындаушысы арқылы түзету мекемесіне тікелей жібереді. Мекеменің арнайы бөлімшесі қарызды сотталушының табысынан ұстап отыруы керек. Әрине, егер де табыс болса”, – дейді заңгер Олег Корчагин.

Естеріңізге салсақ, Қанат Садуов осы жылдың мамыр айында №25 мектептің маңында бұрынғы әйелі Светлана Садуовамен ұрсысып қалғаннан кейін оған бензин төгіп өртеп жіберген және оқиға орнынан қашып кеткен деп айыпталуда. Әйел алған жарақаттардан қайтыс болды. Әйелдің полицияға жазған бұрынғы арызында күйеуі өзі мен үлкен ұлы Талғатты өлтірем деп үнемі қорқытатыны айтылған.

https://kaz.365info.kz/almaty-oblysynda-yrtokhpakh-kyjeuinen-basyn-arashalaj-almagan-kelinshek-olip-ketti-video-251368

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз