Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Түрмеде зорланған Слекишинаға Алматыдан пәтер сыйлады

Енді ол жаңа өмірін бастамақ. Жаны ашыған алматылық бір әйел оған Алматының орталығынан пәтер сыйлапты.

Наталья маникюр жасаумен айналысады екен. Ал түрмеде өткізген өмірін былайша еске алады:

«Түрмеде жиі шмон жасап тұрадыәйелдердің бүкіл затын тартып алады, тек екі түрсимен ғана қалдырады. Біреуі бұтыңда, екіншісі запасқа. Түрмеде әйелдерге аяусыз жұмыс істетеді, мысалы, қар тазалататын. Бірде мені УЗИ-ге апара жатқанда жанымда бір әйел болды, оның жатыры түсіп қалған. Ол кочегар болып жұмыс істеген, жұмысының ауырлығы соншалық, жатыры түсіп қалған.

Түрмеде төбелес жиі болады. Түрме қызметкерлеріне қаны қайнаған кейбір әйелдер өшін менің нәрестемнен алмақ болған. Бір әйел менің қызымды тұншықтырып өлтірмек болды. Әрең құтқарып қалдым. Жалпы, түрмедегі жүктілігім ауыр өтті. Тоғыз ай бойы түсік қаупімен жүрдім.

Ақыры, маған қап-қара баланы әкеп тұр, сенің балаң дейді.

Неше-түрлі соттардан кейін сүтім жоғалып кетті, баланы айранмен асырадым, басында балаға деген соншалық мейірімім болмады, бірақ оны асырау керек деген түйсікке берік болдым.

Қазір қызым бірге толды, бірақ ол әкесінің кім екенін білмей-ақ қойса деймін. Ондай адам балалы болуға лайық емес. Ол баласын мойындамай қойған.

Алдымен жала жауып отырсың деп шықты, сосын ДНК нәтижелерінен кейін махаббат туралы сөйлей бастады.

Хакимов маған түрмеге біраз заттар беріп жібердім дейді, бірақ мен ештеңе де көрмедім. Бірде қайдан алғаны белгісіз балаға арналған комбинезон әкелді, мен оны сот пен прокурордың көзінше оның бетіне лақтырып жібердім», – дейді Слекишина.

Қазір Слекишина екі қызымен бірге тұрады Колледжде оқитын үлкен ұлы жақында келуі керек. Слекишинаның арқа сүйетін ер-азаматы да бар екен, бір ескі танысы үйлену туралы ұсыныс тастапты.

NUR.KZ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз