Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Елің бай, өзің кедейсің!”. Түркияға кеткен туысым Түркиясын неге мақтайды?

халқымыздың жағдайы өте жақсы болуы керек еді ғой, деген ой келеді маған.

Бұлай деуімнің себебі бар:

Түркияда менің бір туысым тұрады. 15 жыл бұрын түрікке күйеуге тиіп кеткен. Араға 4-5 жыл салып, Қазақстанға келіп тұрады.

Әңгімеміз сол — мен олардың тұрмыс-тіршілігін сұрай бастаймын. Сөйтіп, отырып салыстырсам, Түркия мемлекетінің жері біздің Қазақстан жерінің бестен бір бөлігіндей ғана екен.

Сол кішкентай жерде 80 млн халық тұрады!

Бір Стамбұлдың өзінде 17 млн халық тұрады, яғни, бүкіл Қазақстан бір Стамбұлдай-ақ. Туысымның айтуынша, Түркияда әйелдер көбінесе үйде отырады. Бірақ үйде құр отырмайды, ол жақта әйелдерге арналаған неше-түрлі тегін курстар бар екен.

Ал бізде тегін не бар?

Тағы бір таң қалғаным, үйде бір адам жұмыссыз болса, үкімет міндетті түрде 6 ай сайын азық-түлік және басқа да көптеген тұрмыстық заттарды су тегін әкеп береді екен.

Түркиядағы ірілі-ұсақ кәсіпорындар салық ретінде өз өнімдерін осылай халыққа таратып тұруға міндетті екен: мысалы, май шығаратын зауыт өнімінің бір бөлігін халыққа таратуы тиіс.

Ал осы біздің Қазақстандағы зауыттардың салығы қайда кетіп жатыр, деген ой келді.

Қазақстандағы тағы бір қиын мәселе — зейнетақы мәселесі. Түркияда зейнет жасындағы ер адам қайтыс болса, оның зейнетақысы біздегідей бірден тоқтап қалмайды: зейнетақыны міндетті түрде оның әйелі алады екен. Егер әйелі жоқ болса, зейнетақысын міндетті түрде қызы ғана алуы тиіс екен.

Ал бізде ше? Өлдің бе, бітті!

https://kaz.365info.kz/sen-khajdagy-khazakhsyn-dyniennin-bari-oryssha-297918

Айтпайын десең де, бізде тағы бір сорақы шындық бар: Қазақстандағы жұмыс берушілер сырттан келген шетелдік жұмысшыларға жоғары айлық төлейді де, өзіміздің қазақтарға төмен ақша қояды. Ал түріктерде мүлдем керісінше екен. Түріксің бе, сенен ақша аямайды,

бөтенсің бе, жалақының 50 пайызын ғана төлейді екен.

Заңдары сондай.

Тізе берсем, бітпейді екен. Әрине, мен өз мемлекетімді жамандамаймын, бірақ біздің Үкімет халыққа қандай көмек беруде, деген ой мазалайды.

Айналдырған 17-ақ млн халықтың жағдайын жасап қойса болады ғой? Соның өзінде сол 17 млн халықтың 7-8 млн-ы ғана қазақ шығар.

Қиын ба осы?

Қазақ келіншегінің әңгімесі.

Жазып алған: Аян Мырзабек
https://kaz.365info.kz/khalaj-otkaz-beremin-khytajdan-zhykti-bolgan-baraholkadagy-khazakh-khyzy-293000

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз