Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Түркістанның жартысы Ресейде, жартысы Кореяда…

Әрине, өздері осынша пара беріп әрең кірген соң, құқықтарын қайдан талап етсін, бастық не істесе де көнеді, айтқанына жүреді.

Жүрмейтін, жүргісі, көнгісі келмейтін намысты дегендер шетел асады не өзі кәсіп ашып алады, онда да қолында қаражат болса.

Оқу орнын бітіре сала, Алматыға аттанып кеткен мен, араға он төрт жыл салып келгенде, осындай картинаны көрдім…

Ертелі-кеш “қайтсем, кредитімді жабам”, қала берді “бәленшенің тойына беретін ақшаны қайдан табам” деп еңсесі езілген жұрт әйтеуір…

Мұның қасында Алатаудың бөктерінде жай жүрген бір күніміз ертегі секілді.

“Жұмысқа өз күшіңмен, біліміңмен кіресің, басшы сенімен бірге арқа-жарқа күліп ойнап жүреді, ешкім сенің ізіңді аңдып, қалтаңды санамайды” десең, ауыздарының суы құрып тыңдайды…

Әзірге осы жағдай…енді бір үміт “облыс орталығы” деген мәртебеде…

Бір жақсылық, бір өзгеріс болса, содан болмаса… Әйтпесе, екі үйдің бірінің отағасы шетелде гастербайтер, яғни, әр екінші үйде әкелерін айлап көрмейтін балалар өсіп келеді…

Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз