Шардара-Абай тас жолында 5 қарашаға қараған түні жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты деп хабарлайды Түркістан облыстық баспасөз бөліміне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Салдарынан жүргізуші жануарды қағып, қатты соққыдан өзі қарсы жолаққа шығып кеткен. Онда жүк көлігі бетпе-бет “Лексуспен” соқтығысады.
Жеңіл көлікте болған бес адам оқиға орнында көз жмұған. Онда көлік жүргізушісі алматылық, ал жолаушылардың бірі Шардара ауданынан, үшеуі Өзбекстан азаматтары екені анықталды.
“Лексуста” отырған, тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Қайғылы жағдайға қатысты тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.
“МАЗ” рөлінде болған жүргізуші Қызылорда облысының тұрғыны екен. Полицейлер оны қамауға алып, енді жылқының иесін іздеуге кіріскен.