Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Түркістан облысында сауда инфрақұрылымын дамытуға 3,4 млрд теңге тартылды

Жетісайлық кәсіпкер Ануарбек Балғабаев заманауи сауда форматына сай базар құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік қолдау алған. 

«Бұл базардың құрылысын 2023 жылдың соңында бастадым. Құрылыстың соңғы детальдары әлі де жүріп жатыр. Базарда 700 заманауи сауда орны бар. Құрылысқа алғашында өз қаражатымды салдым. Кейін Үкіметтен «Даму» арқылы көмек болды. Бағдарлама бізге ұнады», – деді кәсіпкер. 

3,42 гектар аумаққа салынған Grand Park Zhetisay базары Сауда министрлігінің базар құрылысына қойған талаптарына сай салынған сауда инфрақұрылымының бірі. Мұнда сауда орындары арнайы желдеткішпен, автотұрақ пен өрт қауіпсіздік талаптарына сай датчиктер, гидранттармен толық жабдықталған. 

ҚР Сауда және интеграция министрлігі 2029 жылға қарай замануи сауда форматының үлесін 70 пайызға ұлғайтуды көздеп отыр. Қазір бұл көрсеткіш 41 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін елдегі сауда базарларын жаңғырту жұмысы аяқталуы қажет. Биыл Қазақстанда 100 сауда базары жаңғыртудан өтеді, оның ішінде 8 базар Түркістан облысында орналасқан. Өңірдегі базарларды жаңғырту жұмысының алдын-ала нәстижесін көру үшін ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев облыс базарларын аралады. 

Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базары аумағына өрт сөндіру автокөліктері мен тұтынушылардың көліктері оңай кіріп-шығуы үшін базар қақпасы автоматтандырылған жүйеге қосылды, сондай-ақ базардағы саудагерлерге арналған жабық автотұрақ салынды. «Жауғашты» базары әкімшілігі базар аумағында қойма құрылысын аяқтап, қолданысқа берді. «Яссы» базарында жаңғырту жұмыстары 80%-ға аяқталған. Қазіргі таңда өрт кезінде дабылын датчиктерін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Дәл осындай жұмыс «Алтын бұлақ» базарында да жалғасуда. 

Ал Сарыағаш ауданындағы «Дәулет»базары жаңғырту жұмысының екінші кезеңін жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталған. Қазіргі таңда қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде. Қазығұрт ауданындағы «Ешанқұл-ата» базырнда жаңғырту жұмыстары 80%-ға аяқталған. Өрт қауіпсіздік талаптары бойынша жұмыс жүріп жатыр. 

«Базарларды жаңғырту бірінші кезекте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Сауда министрлігі қажетті заңнаманы жасақтады, мемлекеттік қолдау тетігін іске қосты. Сондықтан кәсіпкерлер жыл соңына дейін жаңғырту жұмыстарын аяқтауы керек. Бұл жұмыс тұтынушы мен сатушының қауіпсіздігі ғана емес. Бұл салықтық түсімдердің ашықтығы мен жасырын экономика үлесін азайтудың жолы», – деді Ернұр Жәутікбаев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз