Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
15
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Түркістан облысында 5 мектеп директоры пара алу кезінде ұсталған

«Жетісай қаласындағы №119 мектептің директоры С.Ахмедова тәрбиешіні жұмысқа қабылдау үшін 500 мың теңге сұрап, құзырлы орган өкілдерінің қолына түскен. Директор 4 жылға бас бостандығынан айырылды. А. Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы «Далабазар» орта мектебінің директоры бағбаншыны жұмысқа қабылдауға 300 мың теңге алғаны үшін 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Түлкібас ауданындағы М.Мәметова атындағы орта мектептің директоры А.Жалбиев әдіскерді жұмысқа қабылдау үшін 150 мың теңге алу кезінде ұсталып, сотты болды. Өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылып, 9 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. 14 қыркүйекте Сайрам ауданындағы «Күншуақ» балабақшасының меңгерушісі А.Тоқабаева мекеме есепшісінің делдалдығымен тәрбиешінің көмекшісін жұмысқа қабылдау үшін 200 мың теңге пара алу кезінде ұсталды. Сондай, Жетісай ауданындағы Н.Төреқұлов атындағы орта мектептің директоры С.Сабырханов лаборантты жұмысқа қабылдау үшін 200 мың теңге алу кезінде қолға түскен. Қазір соңғы екі қылмыстық іс сотқа жолданды»,- деді Департамент басшысының орынбасары.

Айта кетейік, өңірде өткен 2017 жылы парамен ұсталған Облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысынан бастап бірқатар мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері сотталған болатын. 5 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 7 қызметкерге қатысты ұсыныс жолданған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз